
11 сәуірде ЕҰУ – да "ǴYLYM JÁNE bilim-2025"ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

Құрметті әріптестер, жас ғалымдар!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерді, магистранттарды, докторанттар мен жас ғалымдарды 2025 жылғы 11 сәуірде өтетін «ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2025» XX Халықаралық ғылыми конференциясына онлайн және офлайн форматында қатысуға шақырады.
Қатысу шарты:
Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.
Конференцияға қатысам деушілер 2025 ж. 31 наурызға дейін тиісті секцияның электрондық поштасы арқылы:
- Рәсімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес баяндама мәтінін;
- Жіберілетін материалға ғылыми жетекшінің немесе факультет басшысының пікір-ұсынысын (сканерленген нұсқада);
- Конференцияға қатысуға өтінішті жіберулері қажет.
Жоғарыда көрсетілген пункттердің бірі болмаған жағдайда материалдар жарияланымға қабылданбайды.
Конференцияға қатысу тегін. Конференция қорытындысы бойынша ISBN берілген электрондық жинақ шығарылады, конференция материалдары Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің www.enu.kz сайтында жарияланатын болады.
