
«Тіл. Мәдениет. Аударма: цифрлық дәуірдегі мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбындағы II халықаралық ғылыми-практикалық конференция
08.04.2025 56

Құрметті әріптестер, жас ғалымдар, студенттер!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2025 жылдың 9 сәуірінде өтетін «Тіл. Мәдениет. Аударма: цифрлық дәуірдегі мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбындағы II халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференцияның негізгі мақсаттары:
- Аударма, тіл және мәдениет салалары ұштастығындағы зерттеулердің дамуына, олардың өзара байланысына және мәдениетаралық қарым-қатынасқа ықпал ету;
- Аударма саласындағы озық әдістер мен тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ цифрлық дәуірдегі инновациялық технологияларды таныстыру үшін платформа ұсыну;
- Әртүрлі елдердің зерттеушілері, оқытушылары мен тәжірибелі аудармашылар арасында байланыс орнату арқылы халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайту;
- Білім алушылар мен жас мамандарды аударма, тіл және мәдениет салалары ұштастығындағы ғылыми жұмыстарға белсенді қатысуға ынталандыру;
- Қазіргі цифрлық әлемде мәдениетаралық қарым-қатынасқа байланысты қиындықтардың алдын-алу үшін ұсыныстар мен практикалық шешімдер әзірлеу.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Аударматану мен аударманы оқытудағы инновациялық технологиялар;
- Жасанды интеллект пен мультимедиялық аударма;
- Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері.
|
Конференцияның жұмыс тілдері: |
Қазақ, орыс, ағылшын, түрік |
|
Қатысу форматы: |
Гибридті |
|
Ұйымдастырушы: |
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті филология факультеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасы |
Бөлісу:
