
ЕҰУ жеке жатақханалармен меморандум жасады: студенттерден өтініштер қабылданады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алдында тұрған бүгінгі таңдағы басты міндеті - студенттерді баспанамен қамтамасыз ету. ЕҰУ-да 8 студенттік үй бар, сонымен қатар университет жыл сайын студенттерді баспанамен қамтамасыз ету үшін Астанадағы жеке хостел, жатақханалармен меморандумдар жасасады.
Мәселен, ағымдағы жылдың 24 тамызында ЕҰУ Студенттік үйі дирекциясы Астана қаласында, Кенесары көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан жеке жатақханамен меморандумға қол қойды. Жатақханада орын алғысы келетін 2, 3, 4, 5 курс студенттеріне көрсетілген мекенжай бойынша сағат 9.00-21.00 (үзіліссіз) аралығында өтініш беру қажет. Нақты ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуларына болады: +7 775 496 7686; +7 708 425 1700.
Сондай-ақ, Астана қаласы, Рысқұлбеков көшесі, 8/4 мекенжайында орналасқан «Great Home» ЖШС жеке жатақханасымен келісімге қол жеткізілді. 2, 3, 4, 5 курс студенттерінен жатақханада тұруға өтініштер 2023 жылғы 25 тамыздан бастап, сағат 9.00-21.00 (үзіліссіз) аралығында қабылданады. Егер сұрақтар туындаса, төмендегі телефондарға қоңырау шалуға болады: +7 776 828 7675; +778 705 2135; +7 708 425 1700.
Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 31/1 мекенжайы бойынша жеке жатақханамен де меморандум жасалды (А.Жангелдин көшесі, 8 кіреберіс. 2, 3, 4, 5 курс студенттерінен өтініштер 2023 жылғы 25 тамыздан бастап, сағат 9.00-21.00 (үзіліссіз) аралығында қабылданады. Қажетті ақпаратты алу үшін +701 235 6883 телефонына қоңырау шалуға болады.
2023 жылғы 27 тамыздан бастап Астана қаласы, М.Жұмабаев даңғылы, 29/1 мекенжайы бойынша жеке жатақханада тұруға 2, 3, 4, 5 курс студенттерінен өтініштер қабылданады, олармен меморандум жасалды. Өтініштер сағат 9.00-21.00 (үзіліссіз) аралығында жүргізіледі. Алдын ала +7 708 105 37 40 телефонына қоңырау шалып, хабарласып алған жөн.
ЕҰУ Студенттік үйі дирекциясы Абай көшесі, 45/2, Сарайшық көшесі, 34 және Қонаев көшесі, 35/2 мекенжайларында орналасқан жеке жатақханалармен (Жастар Amazing home) де келісті. Өтінімдер ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап 2, 3, 4, 5 курс студенттерінен сағат 9.00-21.00 (үзіліссіз) аралығында қабылданады. Толық ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: +7 702 247 34 42.
Астана қаласы, Арғанаты көшесі, 7 мекенжайы бойынша жеке жатақханасы бар «Мурзакенова» ЖК-мен жасалған меморандум бойынша 2023 жылғы 28 тамыздан бастап сағат 9.00-21.00 (үзіліссіз) аралығында 2, 3, 4, 5 курс студенттері өтініш бере алады. Анықтама үшін: моб.Тел.: +7 778 941 00 65; +7 701 409 28 30.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйлері» дирекциясы Бейбарыс Сұлтан көшесі, 9/1 мекен жайында орналасқан («DV PROJECT» ЖШС) жеке меншік жатақханамен меморандум жасасуына орай, 2023 жылдың 29-тамызынан бастап 2, 3, 4, 5 курс студенттерінен жатақханаға тұруға өтініштер қабылдайтындығын хабарлайды.
Өтініштерді қабылдау: Бейбарыс Сұлтан көшесі, 9/1
Жұмыс кестесі: 9.00-21.00 (үзіліссіз)
Анықтамалар үшін: ұялы тел.: +7 778 269 26 49.
2023 жылдың 30 тамыздан бастап «Студенттер үйлері» дирекциясы Мәскеу мемлекеттік университетінің (ММУ) студенттер үйіне 2-5 курс студенттерінен өтініштер қабылдайды.
Өтініштерді төменде көрсетілген мекен жайда қабылдайды:
М. Жұмабаев даңғылы 14, 101 кабинет (қабылдау бөлімі)
Жұмыс уақыты: 9.00-18.00 (түскі үзіліс 13.00-14.00)
Анықтамалар үшін: +7 (7172) 709500 (ішкі.: 39-113, 39-115)
Ұялы тел.: 8 708 425 17 00
Сайт: https://www.enu.kz. https://dsd.enu.kz.
Instagram: @enugumilyov_official
Тұруға өтініш берген кезде ең басты шарт: студенттер міндетті түрде ЕҰУ-дың білім алушылары екенін растайтын құжаттар мен анықтаманы ұсынуы тиіс.
