
Құрметті зерттеушілер!

IEEE Xplore платформасындағы бейнелерді іздеуге арналған жаңа Images функциясын қолданып көруге ұсынамыз! Бұл жаңарту сізге журналдар мен конференция материалдарында жарияланған шамамен 30 миллион бейнені, соның ішінде графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды, блок-схемаларды және басқа да визуалды материалдарды оңай іздеуге және қарауға мүмкіндік береді.
Бейнелердің метадеректерінде көрсетілген кілт сөздер бойынша іздеу мүмкіндігінің арқасында пайдаланушылар мақаланың негізгі мазмұнын толықтыратын графикалық материалдарды тез тауып, талдай алады.
Images функциясының артықшылығы:
• күрделі техникалық ұғымдарды визуалды түрде іздеуде;
• әдістер мен нәтижелерді салыстыруда;
• презентациялар мен ғылыми жарияланымдарды дайындау кезінде уақыт
үнемдеуде.
Бұл мүмкіндік жазылым бойынша Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің пайдаланушыларына қолжетімді.
