
Вебинар өтеді

Ағымдағы жылдың 9 шілдесінде Астана уақытымен сағат 19:00-де «Қазақстанда және Орталық Азияда шағын модульдік реакторларды енгізу перспективалары: әлеуметтік-экономикалық алғы шарттарды бағалау» тақырыбында Халықаралық ғылыми-техникалық орталық аясында FIRST (АҚШ) қаржыландыратын «Қазақстанда ядролық энергия өндірісінің экономикалық орындылығы мен қауіпсіздігі бойынша қоғамдық келісімге қол жеткізу» жобасын іске асыру жоспарына сәйкес вебинар өтеді. Бұл жоба Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде атом энергиясы және энергиялық қауіпсіздік саласындағы мамандарды тарта отырып жүзеге асырылуда. Олар вебинарда қойылған мәселеге қатысты өз көзқарастарымен бөліседі.
Қазақстандағы атом энергиясын өндіру мәселелеріне, оның әлеуметтік-экономикалық және технологиялық аспектілеріне қызығушылық танытатын қауым шақырылады.
ZOOM Қосылу үшін сілтеме: https://share.kz/g6qM
