
25 шілде мен 15 тамыз аралығында ЕҰУ бейіндік магистратурасына әңгімелесу бойынша ақылы негізде құжаттар қабылдау жүзеге асырылады

Құрметті үміткерлер!
25 шілде мен 15 тамыз аралығында әңгімелесу бойынша ақылы негізде түсушілер үшін «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіә КеАҚ бейіндік магистратурасына құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Әңгімелесу тек саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар үшін өткізіледі.
Әңгімелесу 2025 жылғы 20 тамыз бен 22 тамыз аралығында өткізіледі.
Толығырақ ақпаратты мына сілтеме арқылы ала аласыздар:
https://enu.kz/ru/page/applicants/masters-program
Мекен-жайымыз: Астана қ, Қажымұқан көшесі 13а, 2 қабат (Сәулет-құрылыс факультетінің ғимараты)
