
Әлемдік цифрлық кітапханаларға MyLoft арқылы қол жеткізу!

Құрметті пайдаланушылар!!!!
Сіздер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми кітапханасының жазылымдағы электрондық ресурстарына, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ ұлттық жазылымы бойынша қолжетімді ресурстарға MyLoft платформасы арқылы қашықтан қосыла аласыздар.
MyLoft сервисі – ЕҰУ-дың барлық жазылымдағы электрондық ресурстарына бірыңғай авторизация арқылы ыңғайлы қолжеткізудің құралы. MyLoft сіздің материалдармен жұмысыңызды жеңіл әрі қолайлы етеді.
MyLoft мүмкіндіктері:
• ЕҰУ Ғылыми кітапханасының жазылымдағы электрондық ресурстарына әлемнің кез келген жерінен бірыңғай қолжеткізу.
• Ыңғайлы жеке кабинет: құжаттар мен бетбелгілер бір жерде.
• Іздеу жүйесін таңдау: журналдар мен кітаптардың атаулары бойынша іздеу үшін MyLoft немесе EBSCO Discovery Service қолданыңыз, ал мақалалар деңгейінде іздеу үшін Google Scholar және басқа платформаларды пайдаланыңыз.
• Ішкі ридер: құжаттарды оқу, мәтінді белгілеу және дауыстап оқу.
• Материалдарды ұйымдастыру: жинақтар, тегтер және бетбелгілер.
