
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы үшін сертификат бере отырып АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ деңгейін анықтау бойынша тестілеу

Үздіксіз білім беру институті Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесіп, ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын ЕҰУ сертификатын алу үшін онлайн-тестілеуге және оффлайн-сұхбаттасуға өтінімдер қабылдайды.
Бұл сертификат дербес қаржыландырумен академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде, Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын гранттық бағдарламалары, сондай-ақ "ENU Students Ambassador" ішінара қаржыландыру бағдарламасы үшін жарамды (бағдарлама шетелге оффлайн форматта жіберілген кезде іске асырылатын болады).
Тестілеуден өту үшін өтінімдер 2025 жылғы 22 қыркүйек сағат 10.00-ге дейін келесі сілтеме бойынша қабылданады: https://docs.google.com/forms/d/1ldFldDBtbKDmKnO_LTeeL4Nj-BPaH5tQ2vkhOoAO_7M/edit (өтінімді ТЕК БІР РЕТ толтырыңыз, бірінші рет өтінімде көрсетілген барлық деректеріңіз сақталады).
Тестілеу онлайн форматта екі кезеңде, үшінші кезең оффлайн-сұхбаттасу түрінде өткізіледі :
1-кезең: тыңдалым - 30 тапсырма
Тыңдалым бойынша өту балы – 24 балл (80 %).
2-кезең: лексика-грамматикалық тест - 40 тапсырма
Лексика-грамматикалық тест бойынша өту балы - 32 балл (80%).
1 және 2 кезеңдер 2025 жылғы 23 қыркүйек Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін https://moodle.enu.kz/ оқыту платформасында өтеді (Platonus аккаунты бойынша осы платформаға алдын-ала авторизациядан өту қажет!). Тестілеудің жалпы уақыты - 1 сағат.
3-кезең: оффлайн-сұхбаттасу - бір тақырып бойынша 2 сұрақ
Сұхбаттасу бойынша өту нәтижесі - 80%.
Сұхбаттасуға (speaking) бірінші және екінші кезеңнің нәтижелері бойынша шекті мәннен төмен емес баға алған білім алушылар жіберіледі. Сұхбаттасуды комиссия 2025 жылдың 25-26 қыркүйек аралығында (Өткізу уақыты 09.00 – 19.00 сағат) Астана қаласы, Сәтбаев көшесі 2, бас ғимарат №1 (аудитория 1 және 2 кезеңнің қорытындысы бойынша өткен кандидаттар үшін кейінірек хабарланады) мекенжайы бойынша жүргізеді.
* Тестілеу және сұхбаттасу күндері өзгерген жағдайда білім алушылар өтінімде көрсетілген электрондық пошта және/немесе Platonus жүйесі арқылы хабардар етіледі.
Тестілеуге тестілеуден өту және оффлайн-сұхбаттасу үшін ақы төлеген, және келесі құжаттарды 2025 жылғы 22 қыркүйек сағат 10.00-ге дейін inoinstitut@gmail.com электрондық мекенжайға жіберген білім алушылар жіберіледі:
- төлем туралы түбіртектің көшірмесі;
- онлайн-тестілеуді өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт (толтырылған және ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН шарттың скан-нұсқасы жоғарыда көрсетілген поштаға жіберілсін, ал шарттың ТҮПНҰСҚАСЫН Сәтбаев көшесі, 2, №1 Оқу-әкімшілік корпусы, 239 кабинетке өткізу МІНДЕТТІ) (шарт үлігісі төменде осы хабарландыруға бекітілген);
- жеке басын куәлендіретін құжаттың көшірмесі.
!НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Тестілеуге рұқсат алудың міндетті шарты өтінім беру және сіз қол қойған келісімшартты ұсыну болып табылады. Келісімшартсыз тестілеуге қатысуға жол берілмейді.
Сұхбаттасу қорытындысы бойынша комиссия әрбір үміткердің тіл білу деңгейін анықтайды және тиісті деңгеймен (B2, C1, C2) сертификат беру туралы шешім шығарады. Апелляция қарастырылмаған. Тестілеу және сұхбаттасу нәтижелері шағымдануға және наразылық білдіруге жатпайды!
Тестілеу қорытындысы бойынша шекті мәннен жоғары балл жинаған кандидаттарға сертификат беріледі (қолданылу мерзімі 2 жыл).
Тестілеу құны - 20 000 теңге.
Төлем Kaspi и BCC қосымшалары арқылы жүзеге асырылады (төлем жасау алгоритмі төменде осы хабарландыруға бекітілген).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Барлық ескертулер өтінімде көрсетілген электрондық пошта және/немесе Platonus жүйесі арқылы жасалады, сондықтан өтінімде өзекті электрондық мекенжайларын, дұрыс жазылған ЖСН және ұялы телефондардың өзекті нөмірлерін көрсету сұралады. Тестілеудің барлық сұрақтары бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 709-500, ішкі 31-210.
Тестілеу ағылшын тілі деңгейіндегі сертификаты жоқ білім алушылар үшін өткізіледі, өйткені өз бетінше қаржыландырылатын құжаттарды, "ENU Students Ambassador" бағдарламасын және басқа да халықаралық бағдарламаларды тапсыру үшін талап ағылшын тілі деңгейін B2-ден кем емес растау болып табылады.
B2-ден төмен балл жинаған білім алушылар академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатыса алмайды.
