
ЕҰУ Жасанды интеллект жетістіктері көрмесі (ENU AI Expo) 30 қыркүйекте өтеді
30.09.2025 21
30 қыркүйек күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жасанды интеллект жетістіктері көрмесі (ENU AI Expo) өтеді. Іс-шара университеттің жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы жаңа әзірлемелерін көпшілікке таныстыру алаңына айналады.
Көрме аясында университет зерттеушілері мен мамандары әзірлеген бірегей жобалар ұсынылады:
- Инклюзивті гид - ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға арналған интеллектуалды жүйе;
- E-Curator чат-боты - студенттер мен оқытушыларға арналған цифрлық көмекші;
- Дәріс оқитын ЖИ-аватар - онлайн оқытудың мүмкіндіктерін кеңейтетін инновациялық құрал;
сондай-ақ білім мен ғылымның цифрлық трансформациясын дамытуға үлес қосатын басқа да шешімдер.
Іс-шара форматы - көрме және презентация. Қатысушылар тек жобалармен танысып қана қоймай, олардың жұмысын іс жүзінде көре алады.
ENU AI Expo жасанды интеллектіні танымал етуге, университеттің ғылыми-оқыту әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ студенттер, оқытушылар мен IT-мамандар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін жасауға бағытталған.
Өткізу күні мен орны: 2025 жылғы 30 қыркүйек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Күлтегін Атриумы. 10-00
Бөлісу:
