
«ЮРИСТ» жүйесі арқылы құқықтық зерттеулердің мүмкіндіктерін кеңейтіңіз

Сот тәжірибесі базасы:
· Қазақстан Республикасының өзекті сот тәжірибесіне талдау жүргізу;
· азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерін алу;
· ғылыми жарияланымдар, курстық жұмыстар, магистрлік диссертациялар және практикаға бағытталған жұмыстарды әзірлеу кезінде материалдарды пайдалану.
Мемлекеттік органдардың жауаптары:
· министрліктер мен мемлекеттік ведомстволардың ресми түсіндірмелері;
· зерттеу және практикалық міндеттерді орындау үшін қажетті құқықтық ұстанымдар мен талдамалық түсіндірмелер;
· оқытушылар, заңгерлер, зерттеушілер және мемлекеттік қызмет саласының мамандарына арналған пайдалы құралдар.
Зияткерлік іздеу:
· жүйенің барлық негізгі бөлімдері бойынша бір мезгілде іздеу жүргізу;
· құқықтық терминдер, сөз тіркестері және мәтінмән бойынша дәл сәйкестіктерді анықтау;
· құқықтық ақпарат бойынша кешенді навигациялық құрал ретінде жүйені пайдалану.
Қолжетімділік тәртібі «ЮРИСТ» жүйесімен жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында орналасқан бір ғана авторизацияланған компьютер арқылы жүзеге асырылады. Ресурсты пайдалану үшін кітапхана қызметкерінен жүйеге кіруге арналған деректерді алу қажет.
Ресурс кімдерге арналған?
· құқық және әлеуметтік пәндер оқытушыларына;
· құқықтық бағыттар бойынша білім алатын магистранттар мен студенттерге;
· практик-заңгерлерге;
· мемлекеттік басқару және құқықтық талдау саласының мамандарына.
