
Астанада өтетін Жаңартылатын энергия және қоршаған ортаны қорғау инженериясы бойынша халықаралық конференция (REEE 2026)

Сіздерді 2026 жылғы 12-15 маусым аралығында Астана қаласында өтетін 9-шы Жаңартылатын энергия және қоршаған ортаны қорғау инженериясы бойынша халықаралық конференцияға (REEE 2026) қатысуға шақырамыз. Шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Франция, Норвегия, Германия және Португалияның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп ұйымдастырады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
-
Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллект.
-
Жасыл сутегі және тұрақты отын түрлері.
-
Күн, жел және теңіз энергетикасы.
-
Экология және көміртегі қалдықтарын басқару.
-
Материалтану және айналмалы (циркулярлы) экономика.
Маңызды мерзімдер:
-
20 қаңтар 2026 ж. — мақалаларды қабылдаудың соңғы күні.
-
20 ақпан 2026 ж. — қабылданғаны туралы хабарлама жіберу.
-
20 наурыз 2026 ж. — жеңілдікпен тіркелудің (Early Bird) соңғы мерзімі.
Конференция материалдары жинақ болып жарияланады және халықаралық деректер базасына индекстеуге жіберіледі.
