
«Шын жүректен кітап сыйла» акциясы өтеді
14.02.2026 20

14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне орай
Ғылыми кітапханада игі шара ұйымдастырылады.
Аталған мерекеге байланысты кітапханада кітап сыйлау челленджі басталады. Шараның мақсаты — оқырман қауымды кітап оқу мәдениетін насихаттауға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және кітапхана қорын толықтыруға атсалысуға шақыру.
Үйіңізде өзіңіз оқып болған, басқа оқырманға пайдалы болатын кітабыңызды кітапхана қорына сыйға тартуға шақырамыз. Сіздің сыйлаған бір кітабыңыз — кітапхананың барша оқырманы үшін жаңа әлемнің есігін ашуы мүмкін.
Шара аясында:
- кітапхана қорына кітаптар сыйланады;
- оқырмандар арасында игі бастамаға үндеу жасалады;
- кітап арқылы жақсылық жасау мәдениеті дәріптеледі.
Өтетін орны: Ғылыми кітапхана
Мекенжайы: Пушкин көшесі, 11
Уақыты: 14 ақпан, сағат 12:00
Кітап сыйлау — жүректен жүрекке жететін ең ізгі сый.
Баршаңызды игі шараға қатысуға шақырамыз!
Бөлісу:
