
ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ Сәулет-құрылыс факультетінің Ашық есік күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

ҚҰРМЕТТІ ТҮЛЕКТЕР!
Сіздерді 2023 жылы 04 қараша айында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сәулет-құрылыс факультетінде өтетін Ашық есік күніне шақырамыз.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының жетекші білім беру орталықтарының бірі болып табылады.
Біздің университет QS World Universities рейтинг агенттігінің мәліметтері бойынша әлемнің үздік 400 университетінің қатарына енген қазақстандық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Сәулет-құрылыс факультетінің Ашық есік күніне келген соң сіздер факультеттің оқу процесімен танысуға; сәулет-құрылыс саласындағы елдің жетекші ғалымдарымен әңгімелесуге; факультеттің мамандықтары туралы ақпарат алуға; елдің жоғары оқу орындарына түсу тәртібі туралы кеңес алуға мүмкіндігіңіз бар.
Біз Сіздерді осы іс-шараларда көруге қуаныштымыз
Құрметпен, сәулет-құрылыс факультетінің ұжымы
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Өткізу орны: 010000, Астана қ.
Қажымұқан көшесі, 13а, №6 оқу-зертханасының ғимараты, 208 ауд. (басталуы 10.00)
Телефон: 8 (7172) 709500 вн. 33412
87785410520
E-mail: utepber78@mail.ru
