
«8D02310 - Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Байкадамова Асель Нурлановна диссертациясын қорғауы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Байкадамова Асель Нурлановна «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша ««Қазіргі көркем мәтіннің мағыналық кеңістігінің айқын және жасырын мағыналарының лингво-когнитивті әлеуеті»» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шетел филология кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Рыспаева Динара Сарсембаевна – филология ғылымдарының кандидаты, академиялық мәселелер жөніндегі проректор, «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ (Көкшетау қ., Қазақстан Республикасы);
Жанысбекова Эльмира Тулегеновна – философия ғылымдарының докторы (PhD), доцент м.а., Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Саурбаев Ришат Журкенович – филология ғылымдарының кандидаты, шетел филологиясы кафедрасының профессоры, «Торайғыров Университеті» КеАҚ (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Нефедова Лилия Амиряновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, лингвистика және аударма факультетінің деканы, «Челябі мемлекеттік университеті» ФМББМ ЖОО (Челябі қ., Ресей Федерациясы);
Нурзия Абдикарим – филология ғылымдарының кандидаты, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-тың терминология бөлімінің басшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Бижкенова Айгуль Ермековна – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Мельничук Ольга Алексеевна – филология ғылымдарының докторы, М.К. Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералдық университетінің доценті (Якутск қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2026 жылғы 28 наурыз, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D02310 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша «8D023 – Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/86082230594?pwd=GDTbAka5vr6DFpuYQBfPfZ9o8HDba4.1
Конференция ID: 860 8223 0594, Кіру коды: 144963
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Байкадамова Асель Нурлановнаның «8D02310 – Шетел филологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дəрежесін алу үшін дайындаған «Қазіргі көркем мәтіннің мағыналық кеңістігінің айқын және жасырын мағыналарының лингво-когнитивті әлеуеті» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Зерттеудің өзектілігі көркем дискурста тіл, ойлау және мәдениет өзара байланысына деген ғылыми қызығушылықтың артуымен, сондай-ақ көркем мәтіннің семантикалық кеңістігінде мағыналардың репрезентациялану тетіктерін және олардың қазақ тіліндегі түпнұсқадан ағылшын және орыс тілдеріне трансляциялану ерекшеліктерін айқындау қажеттілігімен айқындалады. Зерттеуде авторлық интенция мен оқырмандық интерпретацияның өзара арақатынасы барысында көрініс табатын, көркем туындының көпқабатты семантикалық кеңістігін қалыптастыратын эксплициттік және имплицитті мағыналық компоненттерге ерекше назар аударылады. Үстірт, яғни тілдік деңгейде эксплицитті мағыналар мәтіннің сюжеттік мазмұнын вербализацияласа, имплицитті мағыналар когнитивті құрылымдар арқылы шығарманың терең мәдени және ментальды қабаттарын ашады. Жасырын мағыналар жоғары семантикалық қанықтылығымен және тікелей мағына шегінен шығу қабілетімен сипатталады; олардың қосымша семантикасы тек мәтіннің ішкі құрылымында ғана емес, сонымен қатар мәдени-когнитивтік контексте қалыптасады, бұл оларды концептілер жүйесімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Имплицитті мағыналар теориясы мәтіндегі мағыналық бірліктердің көпқабаттылығы мен өзара байланыстылығын, сондай-ақ мағыналарды инотілдік көркем мәтіндерде трансляциялау және интерпретациялау мәселелерін ескере отырып, одан әрі теориялық тұрғыдан тереңдетуді қажет етеді. Романның ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларын салыстырмалы талдау әртүрлі тілдік және концептуалдық жүйелер арасындағы ауысу барысында мәдени тұрғыдан шартталған мағыналардың трансформациялану және сақталу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нысаны – И. Есенберлиннің The Nomads (Көшпенділер, Кочевники) романының семантикалық кеңістігі. Ол ағылшын тіліндегі аудармада ұлттық-мәдени контекстке басымдық бере отырып, мазмұн жоспары мен өрнек жоспарының өзара әрекеттесуін көрсететін біртұтас жүйе ретінде, қазақ тіліндегі түпнұсқа және орыс тіліндегі аудармамен салыстырмалы түрде қарастырылады. Зерттеу пәні – И. Есенберлиннің The Nomads романының көпқабатты семантикалық кеңістігінің лингво-концептуалдық репрезентациясының ерекшеліктерін ағылшын тіліндегі аударма негізінде, қазақ тіліндегі түпнұсқа және орыс тіліндегі нұсқамен салыстыра сипаттау. Зерттеудің мақсаты И. Есенберлиннің The Nomads романының семантикалық кеңістігін қалыптастыратын эксплицитті және имплицитті мағыналардың лингвокогнитивтік әлеуетін кешенді талдау, оны қазақ тіліндегі түпнұсқа (Көшпенділер) және орыс тіліндегі аудармамен (Кочевники) салыстыра зерттеу. Диссертациялық жұмыстың міндеттері: 1. Көркем мәтіннің семантикалық кеңістігін И. Есенберлиннің The Nomads романында ұлттық-мәдени және тарихи-этникалық контексті ескере отырып, тілдік форма категориялары мен концептуалдық-семантикалық мазмұнның өзара іс-қимылын көрсететін тұтас жүйе ретінде түсінудің теориялық-әдіснамалық негізін анықтау. 2. Зерттеу бірліктеріне іріктеу жүргізіп, қазақ тіліндегі түпнұсқаның мағыналарын ағылшын және орыс тілдеріне тарихи және мәдени-құндылық бағдарларын сақтай отырып, барабар лингвосемантикалық трансляциялау мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан негіздеу. 3. Ағылшын тіліндегі аударманың семантикалық кеңістігінің құрамдас бөлігі ретінде эксплициттік және имплициттік мағыналардың репрезентациясын қазақ тіліндегі түпнұсқа және орыс тіліндегі аудармамен салыстыра отырып, негізгі көркемдік концепттердің типологиясы мен дескрипциясын пайдалану арқылы талдау жүргізу. 4. Эмпирикалық зерттеу барысында ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларында эксплициттік және имплициттік мағыналарды қабылдау деңгейін анықтау. Зерттеу материалы – И. Есенберлиннің романының ағылшын тіліндегі аудармасы (The Nomads), қазақ түпнұсқасы (Көшпенділер) және орыс тіліндегі аудармасы (Кочевники). Шығарма қазіргі филологиялық және лингвокогнитивтік талдаудың маңызды объектісі болып саналады, себебі оның мәдени, білімдік және интерпретациялық маңызы тұрақты. Үш тілдегі мәтіндерді салыстырмалы түрде зерттеу эксплициттік және имплициттік мағыналардың ерекшеліктерін, сондай-ақ бұл мағыналардың басқа тілдік және мәдени контексте бейнелену және трансляциялану процестерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы келесі әдістерге негізделеді: лингвоконцептуалдық, құрылымдық-семантикалық, лингвостилистикалық, дескриптивті-дистрибутивтік, метаконцепттік талдау; салыстырмалы талдау тәсілі; мәтінді фреймдер, скрипттер, сценарийлер арқылы ситуативтік талдау; эксперименттік зерттеу, статистикалық есептеу. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі мәтінді талдауда когнитивтік және дискурсивтік тәсілдерді қолдануға сүйенеді, олар M.A.K. Halliday, R. Hasan, R. de Beaugrande, W. Dressler, T.A. van Dijk, G. Lakoff, C. Fillmore, R. Langacker, M. Turner, G. Fauconnier, P. Werth, W. Iser, P. Grice және т.б. еңбектерінде ұсынылған. Л.Г. Бабенко, Ю.В. Казарин, И.Р. Гальперин, М.М. Бахтин және Ю.М. Лотман еңбектері мәтіннің мағыналық аспектілерін зерттеуде қолданылды. Н.Д. Арутюнова, Ю.Н. Караулов, В.И. Карасик тұжырымдамалары, Н.Н. Болдыревтің концептуализацияның фреймдік моделі, Н.Ф. Алефиренконың этномәдени семантика бойынша идеялары мәтіннің терең мағыналық ерекшеліктерін, негізгі концепттер мен олардың өзара байланысын, эксплициттік және имплициттік мазмұнның өзара әрекетін және мағыналық трансформациялардың динамикасын зерттеуге мүмкіндік береді. С.С. Мухтарова, С.А. Ашимханова, А.Ж. Жаксылыков және А.Б. Амирбекова еңбектері И. Есенберлиннің The Nomads романының түпнұсқасы мен аудармаларын семантикалық кеңістігін салыстырмалы талдауда кешенді тәсіл қамтамасыз етеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы көркем мәтіннің лингвокогнитивтік әлеуетін кешенді түрде зерттеуге негізделген, онда эксплициттік және имплициттік мағыналар семантикалық кеңістіктің өзара толықтыратын деңгейлері ретінде қарастырылып, тілдік өрнектер мен когнитивтік құрылымдар (концепттер, фреймдер, скрипттер) арқылы жүзеге асырылады. Алғаш рет бір шығарманың ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі қабылдануын салыстырмалы талдау жүргізіліп, мәдени негізделген мағыналар мен олардың тілдік репрезентациясының ерекшеліктері зерттелді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы көркем мәтінді талдаудың методологиясын, концепт теориясын және когнитивтік тілтануды оның құрылымдық-семантикалық қасиеттері мен эксплициттік және имплициттік мазмұн компоненттерін жаңа қырынан қарастыру арқылы дамытуда жатыр. Бұл мәтіннің семантикалық кеңістігін қалыптастыру және оның концептуалдық мазмұнын басқа тілдерге трансляциялау механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері көркем дискурсындағы мағына қалыптастыру, мағынаны беру және мағынаны қабылдау процестеріне қатысты теориялық түсініктерді одан әрі дамытуға ықпал етеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы мәтін лингвистикасы, стилистика, аударма теориясы, мәдениетаралық коммуникация, лингвомәдениеттану пәндеріндегі жұмыстың теориялық ережелері мен тұжырымдарын қолдану мүмкіндігімен анықталады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер когнитивті семантика теориясы, концептология, әдеби мәтіндерді түсіндіру бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін. Қорғауға ұсынылатын диссертацияның негізгі тұжырымдары: 1. И. Есенберлиннің The Nomads (Көшпенділер) романының көркем мәтін семантикалық кеңістігі тілдік, когнитивтік және мәдени компоненттерді интеграциялайтын біртұтас жүйе ретінде қарастырылады. Көркем шығарманың семантикалық кеңістігі авторлық ниет линзасы арқылы негізгі мазмұнды түсіну және оны қажетті тілдік құралдармен – лексика, лексикалық тіркестер, тұрақты сөз тіркестері, стильдік және грамматикалық құралдар арқылы білдіру деп түсініледі. Шығарманың ұлттық-тарихи және мәдени-этникалық ерекшеліктері семантикалық кеңістіктің тек мағыналық деңгейде ғана емес, тілдік деңгейде де көпқабатты түрде көрінуін қамтамасыз етеді. 2. Шығарманың семантикалық және тұжырымдамалық кеңістігін тематикалық іріктеу және толық іріктеу әдістерімен зерттеу үшін ағылшын (The Nomads), қазақ (Көшпенділер) және орыс (Кочевники) тілдеріндегі нұсқаларынан 5000 контексттен тұратын корпус жасалды. Қазақ тіліндегі түпнұсқа мәтін әлемнің 30‑дан астам тіліне аударылған. Барлық мағыналық және тілдік құрылымдары сақталған семантикалық кеңістікті беру аудармада негізгі аспект болып табылады. Алайда тілдік және тұжырымдамалық жүйелердегі айырмашылықтардың әсерінен берілетін форма өзгерістерге ұшырайды, ал бастапқы мәтіндегі кейбір мағыналар жоғалуы мүмкін. 3. Оригинал мен аудармалардың мәтіндеріндегі семантикалық кеңістікті салыстырмалы талдау арқылы эксплициттік және имплициттік мағыналар, тіл бірліктері және негізгі тұжырымдамалық қабаттар арасындағы қатынас негізінде инварианттық категория анықталады. Анықталған бес макроконцепт инварианттық семантикалық ядроны белгілеп, оның лингвосемантикалық және когнитивті-мәдени каркасын құрайды. Әскери-тарихи сипаттағы және әлеуметтік-туыстық қатынастарға қатысты концепттер негізінен эксплициттік мағыналарды жүзеге асырады, ал діни-мифологиялық, рухани-этикалық және жеке-психологиялық концепттер имплициттік мағыналарды білдіріп, романды терең, символдық қанық семантика деңгейінде көрсетеді. 4. И. Есенберлиннің The Nomads романының (Көшпенділер) ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаларындағы мағыналық қабаттардың инварианттылығы мәтіннің сапасы жоғары болғанына қарамастан, оқырмандардың шығарманың мағынасын интерпретациялауында айырмашылықтарға әкеледі, бұл эмпирикалық зерттеу нәтижелерімен расталады. Көркем мәтіннің мағыналық мазмұнын түсіну деңгейі материалдың респонденттердің ана тілі когнитивтік жүйесіне мәдени-тілдік жақындығына байланысты жоғары болды: қазақша мәтін – 87%, орысша – 86,4%, ағылшынша – 37,2%. Осылайша, оқырманның мәдени-тілдік конгруэнттілік деңгейі көркем мәтінді дұрыс интерпретациялау және шығарманың семантикалық тұтастығын сақтауына тікелей әсер етеді. Жұмыстың жариялануы мен талқылануы (апробация) жалпы зерттеу нәтижелері 9 жарияланымда көрініс тапты. Scopus халықаралық дерекқорларына енгізілген шетелдік басылымдарда 4 мақала; ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы бақылау комитеті (ҒЖБСБК) ұсынған тізімге енетін журналдарда 3 мақала, шетелдік халықаралық конференцияларда 2 мақала жарияланды. Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен (әрқайсысында бөлімшелер мен қорытындылар бар), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қосымшаларда эксперименттік зерттеу материалдары, соның ішінде сауалнама, ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндік үзінділер, сондай-ақ қазақ антропонимдері мен топонимдерінің аударма үлгілері берілген. Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар тізімі: Scopus халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар: 1. The construction of meanings in a textual space: cognitive-lexical and cognitive-synergetic aspects. // Xlinguae. – 2023. – Vol. 16, Iss. 4. – P. 66-82. 2. Analysing the explicit and implicit semantic structure of the Iljas Esenberlin novel trilogy “Nomads” // AILA Review. – 2024. – https://doi.org/10.1075/aila.23008.bai. 3. Modus Ethical Categories as a Condition for the Emergence of Phraseological Semantics, their Application in Political Discourse // Space and Culture, India. – 2024. – 12 (3). – P. 171-188. 4. Perceptual-Figurative Concept «Moral Traits and Qualities of a Person’s Character» // Forum for Linguistic Studies. – 2025. – 7(3). – P. 1067-1079. ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен тізімдегі республикалық ғылыми басылымдар: 5. Лексическая семантизация концепта «Степь» в художественном произведении // Вестник Казахского национального университета имени Аль-Фараби. Серия филологическая. – 2022. – № 1 (185). – С. 71-83. 6. Вербально-концептуальный анализ исторического персонажа в трилогии Ильяса Есенберлина «Кочевники» // Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана. Серия «Филологические науки». – 2022. – № 3 (66). – С. 221-235. 7. Этический дискурс Абая: когнитивно-коммуникативный аспект // Вестник Кокшетауского университета имени Ш. Уалиханова. Серия филологическая. – 2024. – № 3. – С. 22-33. Отандық және халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинақтары мен шетелдік ғылыми журналдар: 8. Лингвосемантический анализ концепта «степь» в художественном тексте // сборник материалов международной научно-практической конференции «Технологии перевода и сравнительное литературоведение в зеркале научного наследия Ахмета Байтурсынова». – 28 октября 2022 г. – С. 95-98. 9. Концептуализация исторического персонажа в художественном произведении // материалы международной научно-практической конференции «Филологическая наука в современном образовательном пространстве». – 28 апреля 2023 г. – С. 61-66.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
