
10 сәуір күні ЕҰУ-да «Заманауи әдебиеттанудың теориялық мәселелері және структуралистік-феноменологиялық зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Құрметті әріптестер!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультеті қазақ әдебиеті кафедрасы 2026 жылдың 10 сәуір күні белгілі ақын, әдебиеттанушы-ғалым, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Әскербекқызы Аймұхамбеттің 60 жасқа толу мерейтойына арналған «Заманауи әдебиеттанудың теориялық мәселелері және структуралистік-феноменологиялық зерттеулер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференцияға шетелдік және отандық ғалымдар, жазушылар және қоғам қайраткерлері шақырылады.
Конференцияда төмендегі секциялар жұмысы жоспарлануда:
1-секция: Қазіргі қазақ поэзиясындағы авторлық қолтаңба: поэтикалық мәтін және көркемдік жүйе (Жанат Әскербекқызы поэзиясы материалында)
2-секция: Заманауи әдебиеттанудағы структуралистік-феноменологиялық зерттеулер
3-секция: Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы антропология және мифология
4-секция: Филологиялық зерттеу бағыттары (жас ғалымдар ізденістері негізінде)
Өтетін уақыты мен орны: ЕҰУ Оқу-әкімшілік ғимараты, 206 ауд., сағат 10.00
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түркі тілдері.
Аталған конференция қорытындылары бойынша мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.
Мақалалар 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін ssarsembayeva.kz@gmail.com поштасы бойынша қабылданады.
Өтінім мен мақала электрондық түрде жеке файлмен рәсімделеді. Файл қатысушы тегімен аталып жазылады.
Мақаланы рәсімдеу сипаттамасы 2-қосымшада берілген.
Баспа материалдарды жариялау барысында таңдау құқығына ие.
