
«Құрылыс» кафедрасында СҚФ Жас ғалымдар кеңесінің іс-шаралары аясында ұйымдастырылған онлайн-семинар өтеді
2026 жылғы 19 наурызда сағат 10:00-де Сәулет-құрылыс факультетінің «Құрылыс» кафедрасында СҚФ Жас ғалымдар кеңесінің іс-шаралары аясында ұйымдастырылған онлайн-семинар өтеді. Семинар тақырыбы: «ДОКТОРАНТТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ: ТӘЖІРИБЕ, МҮМКІНДІКТЕР ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР». Семинар барысында докторанттардың академиялық тағылымдамасының мақсаттарын талқылау, оның білім беру және ғылыми әлеуетін ашу, сондай-ақ одан әрі кәсіби және зерттеу дамуының перспективаларын талдау жоспарланып отыр. Докторанттар, магистранттар, оқытушылар және барлық қызығушылық танытқан тұлғалар шақырылады. Спикер – «Құрылыс» кафедрасының 3-курс докторанты Ж. Кусбергенова. Модератор – СҚФ Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, PhD А.С. Тулебекова.
Жиналыс сілтемесі:
https://teams.live.com/meet/9394005805978?p=sJc22vaKBY0lQntb5n
