
«8D11105 - Туризм» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бердибекова Амина Шукуркаликызы диссертациясын қорғауы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бердибекова Амина Шукуркаликызы «8D11105 – Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Республикасының туризм саласын дамыту» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Туризм кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - ағылшын тілінде
Ресми рецензенттер:
- Насанбекова Самалгүл Тілеугелдіқызы, - философия докторы (PhD), Astana IT University, Цифрлық мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
- Байбуриев Руслан Мұратұлы – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Рекреациялық география және туризм кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Tamara Gajić – философия докторы (PhD), «Јован Цвијић» САНУ географиялық институтының аға ғылыми қызметкері (Белград қаласы, Сербия);
- Садыков Жасулан Амангельдыевич - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Esil University» мекемесінің «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
- Мукатова Рабига Аскаровна - философия докторы (PhD), Teaching Professor, Maqsut Narikbayev University (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Муталиева Ляйля Маратовна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ибрагимов Нутфилло Салимович - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Бұхара мемлекеттік университетінің Экономика және туризм факультетінің деканы (Бухара қ., Өзбекстан Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 10 сәуір, сағат 11:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D11105 – Туризм» мамандығы бойынша «8D111 – Қызмет көрсету саласы» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://teams.microsoft.com/meet/41049554006957?p=NtPs1lzLsoo9Sz3DC7
Мекен-жайы: Астана қаласы, Қажымұқан, 11, 518 аудитория.
Аңдатпа (қаз.): «8D11105 – Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша, PhD дəрежесін алу үшін ұсынылған Бердібекова Амина Шукуркалиқызының «Казақстан Республикасының туризм саласын дамыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының Аңдатпасы Зерттеудің өзектілігі. Таңдалған тақырыптың өзектілігі қазіргі кезеңде туристік индустрияның елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі ретінде қарастырылуымен байланысты. Əлемдік тəжірибеде экономиканы əртараптандыруды, жұмыспен қамтуды арттыруды жəне мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын күшейтуді қамтамасыз ететін туристік саланы дамытудың кешенді əрі тұрақты моделін қалыптастыруға ерекше назар аударылуда. Бұл үрдіс туризм индустриясын дамыту үшін де маңызды болып табылады. Айта кету қажет, Қазақстан Республикасы табиғи-рекреациялық, мəдени-тарихи жəне географиялық əлеуетке бай болғанымен, оны пайдалану деңгейі əлі де жеткіліксіз. Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық бастамалардың жүзеге асырылуына қарамастан, туристік сала ішкі жəне халықаралық нарықтарда өзінің бəсекелік артықшылықтарын толық көлемде іске асыра алатын деңгейге əлі жеткен жоқ. Аталған мəселелер көбіне туризмді дамытуды басқаруда тұтас, ғылыми негізделген тəсілдің болмауымен, сала субъектілері арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігімен жəне орта жəне ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлаудың жетілмегендігімен байланысты. Осыған байланысты туристік индустрияны дамыту мəселелерін зерттеу ерекше ғылыми жəне практикалық маңызға ие болып, таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды. Зерттеу мақсаты. Қазақстандағы туристік индустрияның дамуының макроэкономикалық үдерістерін бағалау жəне негізгі туристік көрсеткіштердің ел экономикасына əсерін анықтау. Міндеттері: - заманауи теориялық тəсілдерді зерттеп, туризм индустриясының дамуын талдау; - туризм индустриясын басқарудың тиімділігіне талдау жүргізу жəне макро, мезомикро деңгейлердегі əдістемелік ерекшеліктерді анықтау; - шетелдік тəжірибені жинақтап, ҚР Туризм индустриясының əлеуетін көрсету; - макроэкономикалық процестерді, ағымдағы үрдістерді, проблемаларды жəне оның даму перспективаларын зерттей отырып, Қазақстандағы туризм индустриясының жай-күйіне талдау жүргізу, сондай-ақ саланың тиімділігіне əсер ететін факторларды анықтау; - туризм индустриясының тиімділігін бағалаудың əдістемелік тəсілдерін жетілдіру, оның дамуын талдау мен болжаудың негізгі əдістемелерін анықтау. - туристік индустрияны дамытудың макрокөрсеткіштерін қолдана отырып, туризм индустриясын дамытудың тиімділігіне кешенді бағалау жүргізу. - туризм индустриясын дамытудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыру, сондай-ақ оның тұрақтылығын арттыру үшін ұсынымдар мен тетіктерді əзірлеу. - туризм индустриясын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау. Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының туристік индустриясы жəне оның макроэкономикалық деңгейдегі даму үдерістері. Зерттеу пəні – Қазақстанның туристік саласының дамуын сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді (ЖІӨ, ЖҚҚ, VTUR, FINTUR, KZTUR, MMR, KOT, KMR, KOR, KONR) зерттеу жəне олардың елдің экономикалық дамуына əсерін талдау. Теориялық-əдіснамалық негізі — туризм теориясының даму классиктерінің еңбектері жəне саланы басқару теориясы мен тəжірибесіне арналған ғылыми-эксперттік жұмыстар. Əдіснамалық база туризм индустриясын кешенді талдауға, оның тиімділігін бағалауға, стратегиялық бағыттар əзірлеуге мүмкіндік беретін теориялық тұжырымдамалар мен əдістер жиынтығын құрайды. Қолданылған əдістер: Анализ жəне синтез — туризм дамуы аспектілерін зерттеп, тұтас көрініс қалыптастыру; индукция мен дедукция — деректерді жалпылап, қорытындылау; салыстырмалы анализ — халықаралық тиімді тəжірибелерді анықтау, оларды Қазақстанда қолдану. Статистикалық анализ — туристік ағыстар динамикасын, саланың экономикаға қосқан үлесін бағалау; SWOT-анализ — туризмнің күшті жəне əлсіз жақтарын, оның мүмкіндіктері мен қауіптерін айқындау; экономикалық модельдеу жəне болжау — саланың даму перспективаларын бағалау. Сауалнама, опрос жəне контент-анализ — саланың қатысушыларының пікірлерін зерттеу жəне маркетинг стратегияларының əсерін бағалау. PEST-анализ — туризмге əсер ететін макроэкономикалық, саяси, əлеуметтік жəне технологиялық факторларды анықтау; benchmarking — Қазақстан тəжірибесін үздік шетелдік практикалармен салыстыру. Зерттеу проблемасына қатысты нақты мəселелерді қарастыру кезінде қазақстандық туризм заңнамасы мен нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ материалдары, халықаралық ұйымдардың құжаттары мен материалдары пайдаланылды. Зерттеудің ақпараттық базасында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жəне реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының анықтамалық материалдары мен тақырыптық жинақтары, халықаралық туристік ұйымдардың талдамалық зерттеулері, ресми мерзімді басылымдарда жарияланған материалдары қолданылды. Ғылыми жаңалығы: - Туризм индустриясын əлеуметтік-экономикалық қызметтің тəуелсіз саласы ретінде функциялық мазмұнымен толықтырылған, индивидтің дəстүрлі тұрмысы мен кəсіби қызметінен тыс өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейту арқылы əлеуеті негізделген; - Мемлекеттік, бизнес жəне қоғам арасындағы өзара əрекеттестік спецификасын ескере отырып, макро-, мезо- жəне микро деңгейлерде басқаруды ұйымдастыруға арналған обобщённая методологиялық схема жасалған, басқару тиімділігіне əсер ететін факторлар анықталған, басқарудың сындық аймақтары мен бағалау индикаторлары ұсынылған; - Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жағдайы шетелдермен салыстырылып, реттеу құралдарының жеткіліксіздігі нақты көрсетілген; benchmarking негізінде ұсыныстар жасалды; - Туризм индустриясының тиімділігін бағалау əдістемелері жетілдіріліп, өзара байланысқан 5-деңгейлі экономикалық-математикалық модельдер кешені əзірленді; - Негізгі макропоказательдерді қолдана отырып, туристік индустрияның даму тиімділігінің кешенді бағалауы мен болжамдық-аналитикалық есептеулері жүргізілді, оның нəтижесі — туризмнің ел экономикасына ерекше маңыздылығы анықталды; - Туризмнің мультипликативтік əсерін есепке ала отырып, болжамды талдау жүргізілді; - SWOT-анализ жəне стратегияның мақсаттары, ұзақ мерзімді даму бағыты анықталды, мемлекеттік қолдаудың рационализациясы бойынша ұсыныстар əзірленді. Қорғауға қойылатын ұсынылатын негізгі тұжырымдар: 1. Туризм индустриясының əлеуметтік-функционалдық рөлі — жеке тұлғаларға күнделікті өмір мен кəсіби қызмет шегінен тыс өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін беру тұрғысынан тұжырымдалды; 2. Басқарудың жүйелік схемасы — туризм индустриясын дамытудағы басқару вертикалдары арасындағы байланыс ретінде ұсынылды; 3. Макропоказательдерді пайдалана отырып, туризм индустриясының тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін экономикалық-математикалық құралдар жасалды; 4. Туризм индустриясының стратегиялық даму перспективалары нақты көрініс тапты; 5. Туризм индустриясын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралар жүйесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар берілді. Практикалық маңызы. Зерттеу нəтижелері Қазақстан Республикасының Туризм жəне спорт Министрлігінің Туризм индустриясы комитеті, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ сияқты ұйымдардың туристік саланы жоспарлау мен басқаруды жетілдіруде, сондай-ақ орталық жəне жергілікті атқарушы жəне өкілдік органдарда, МСБ субъектілерін реттеу мəселелері бойынша, сондай-ақ НПП «Атамекен» ұйымында қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, диссертацияда ұсынылған теориялық жəне статистикалық материалды «Туризм экономикасы», «Туризм кəсіпорындарындағы бизнесжоспарлау» сияқты курстарды оқытуға арналған дəрістік жəне семинарлық сабақтарды əзірлеуде, сондай-ақ Қазақстан өңірлерінің туристік-рекреациялық кешені мамандарының біліктілігін арттыру курстарында қолдану ұсынылады. Зерттеу нəтижелерінің апробациясы. Негізгі тұжырымдар бірқатар ғылыми-тəжірибелік семинарлар мен симпозиумдарда талқыланды, 4 ғылыми конференция материалында берілді. Тақырып бойынша жалпы көлемі 6,4 баспа табағы болатын 10 ғылыми жариялау жарияланды. Зерттеудің жекелеген нəтижелері: туризмді басқарудың əдістемелік схемасы, ауылдық жерлердегі іс-шаралардың тиімділігін анықтау жəне бағалау бойынша тəсілдер, SWOT-талдау, сондай-ақ экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық тиімділікті бағалауға арналған құралдар «LeSoleil» ЖК-нің қызметіне енгізілді. Ал MICE туризмін дамытуға қатысты ұсыныстар, іскерлік туризм инфрақұрылымын дамыту, өңірлердің іскерлік туризм үшін тартымдылығын арттыру əдістері, сондай-ақ өңірлік деңгейде іскерлік туризмді қолдау бағдарламаларының тиімділігін бағалау əдістемесі «SHAZAM Media» ЖШС-нің қызметіне енгізілді. Нəтижелер мен негізгі қорытындылар. Жүргізілген зерттеу Қазақстандағы туризм индустриясының қазіргі жай-күйі, проблемалары мен стратегиялық даму перспективалары туралы кешенді түсінік қалыптастырды. Алынған нəтижелер — заманауи əдістемемен, экономикалық-математикалық құралдармен жəне кең аналитикалық материалмен негізделген. 1. Туризм индустриясы — кең ауқымды салалар мен деңгейлер арасындағы аралас байланыстарды қамтитын күрделі, көпкомпонентті жүйе. Қазақстанда ұзақ уақыт бойы оның дамуын кешенді, ғылыми негізделген басқару жүйесі болмаған. Жұмыста — туризмді бөлек, орнықты əлеуметтік-экономикалық даму үшін жүйелі түрде басқаруды көздейтін тəсіл қажет екені көрсетілді. 2. Макро-, мезо- жəне микро деңгейлерде басқаруды ұйымдастыруға арналған methodологиялық схема ұсынылды; өңірлердің туризм саясатын жүзеге асыра білуі басты рөл атқаратыны жəне қызмет көрсету сапасының жүйелі мониторингін енгізу қажеттігі көрсетілген. 3. Туризм индустриясының тиімділігі — тек экономикалық көрсеткіштермен емес, əлеуметтік жəне экологиялық критерийлермен де бағалануы тиіс. Қазақстан үшін алғаш рет ұсынылған 5-деңгейлі экономикалық-математикалық модельдер кешені ВВП-ға, жұмыспен қамтуға, əлеуметтік бағдарланған жүктемелерге жəне экологияға əсерді болжауға мүмкіндік берді. 4. SWOT-анализ негізінде стратегиялық бағыттар, миссия жəне көрініс анықталды; туризмнің халықтың өмір сүру сапасын көтеру жəне елдің халықаралық имиджін нығайту құралы ретінде маңыздылығы дəлелденді. 5. Ұсынылған стратегиялық бағыттар: ішкі жəне халықаралық нарықтарда Қазақстанның туристік потенциалын жарнамалау; туристік ресурстарды дамыту, олардың қолжетімділігі мен тартымдылығын арттыру; қызмет көрсету сапасын жақсарту жəне инновациялық тəсілдерді енгізу арқылы ұлттық туристік өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру; геосаяси жəне экономикалық өзгерістерге төзімді жаңа түрлерін дамыту арқылы индустрияның диверсификациясын қамтамасыз ету. Осы бағыттарды жүзеге асыру — туризм саласының кешенді əрі тұрақты дамуын, оның əлеуметтік-экономикалық салымын арттыруды жəне елдің халықаралық имиджін нығайтуды қамтамасыз етеді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
