
ІІІ Халықаралық қашықтықтан оқыту мектебі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жан Моне "EUROSOFT" Шеберлік орталығының жобалық тобы Орталық Азия елдеріндегі орта мектептердің, колледждердің және университеттердің оқытушыларына, сондай-ақ жас зерттеушілерге (магистратура және докторантура студенттеріне) арналған " Орталық Азияда ЕО жұмсақ күшінің іске асырылуы: жетістіктер, мәселелері және перспективалары" атты 3-ші Халықаралық қашықтықтан оқыту мектебінің 2026 жылдың 6-18 сәуірі аралығында өткізілетінін хабарлайды. Мектеп Жан Моне атындағы «EUROSOFT шеберлік орталығы» жобасын іске асыру жоспарының құрамдас бөлігі болып табылады және Erasmus+ бағдарламасы бойынша Еуропалық Комиссиямен бірлесіп қаржыландырылады.
Бұл қашықтықтан оқыту мектебінің мақсаты - Еуропалық Одақтың заманауи тарихы, интеграциялық процестердің қазіргі жағдайы және жұмсақ күшін оқыту бойынша мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін арттыру және құзыреттілігін кеңейту. Мектеп білім беру қызметкерлеріне Орталық Азия елдерінде Еуропалық Одақтың жұмсақ күшін енгізу және құралдары туралы сенімді, жаңартылған ақпаратты тұрақты жұмысынан қол үзбей қашықтықтан алу үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Орталық Азия елдеріндегі орта мектептердің, колледждердің және жоғары оқу орындарының оқытушыларын қашықтықтан оқыту мектебіне қатысуға шақырамыз.
Тілі: орыс
Ұзақтығы: 72 сағат
Қашықтықтан оқыту мектебіне қатысуға өтінімдерді ұйымдастыру комитеті 2026 жылдың 23 наурызына дейін gulsum-1983@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады (осы мерзімнен кейін келген өтінімдер қарастырылмайды).
Мектепті тамамдағаннан кейін халықаралық деңгейдегі біліктілік көтеру сертификаттары беріледі.
Ұйымдастыру комитетінің телефон нөмірлері:
+7 701 393 81 71 Медеубаева Жанар Мұратбекқызы
+7 701 807 76 06 Кенжалина Гүлсім Жұмабайқызы
