
Басқарма мүшесі-Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жарияланды

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Қаныш Сәтпаев көшесі, 2 үй мекенжайында орналасқан «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі-Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қоғам қызметінің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
2) ғылыми дәрежесінің болуы (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі);
3) білім менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификатының (куәлігінің) болуы құпталады;
4) менеджмент саласындағы қосымша білімінің (МВА дәрежесі) болуы құпталады.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) біртіндеп күрделене түсетін позицияларда лауазымның функционалдық бағыттары бойынша жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, соның ішінде білім және ғылым ұйымдарында басқарушы лауазымдарда 7 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
2) басқарушы лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған жағдайда аталған лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес;
3) басқарушы лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда, Президенттік жастар кадрлық резервіне енген тұлғалар үшін жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Қосымша талаптар, болған жағдайда (бар болса):
1) Соңғы 5 (бес) жыл ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда және ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілген отандық журналдарда монографиялар мен ғылыми жарияланымдардың болуы.
2) Жобаларды сәтті іске асыру тәжірибесі;
3) Жетекші шетелдік және отандық университеттермен, зеттеу орталықтарымен және тиісті қызмет бағытындағы профильді ұйымдармен жолға қойылған жақсы байланыстардың болуы.
Негізгі функционалдық міндеттері:
1) Қоғамның ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;
2) Қоғам саясатының жалпы басымдықтарына және оның даму перспективаларына сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша қызмет бағыттарының стратегиясын қалыптастырады;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес Қоғамдағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын айқындайды;
4) Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіреді;
5) Қоғамның елдің жетекші ғылыми орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтады;
6) Қоғам ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындауға қатысуын дамытуға және кеңейтуге жәрдемдеседі;
7) Қоғамның ғылыми қызметіне инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасайды;
8) Ғылыми зерттеулерді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты қоса алғанда, басым ғылыми бағыттардың дамуын ынталандырады;
9) Қоғамның халықаралық ғылыми беделін нығайтады;
10) Қоғамда технологияларды коммерцияландыруды ынталандырады;
11) Мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Қоғамның мүддесін қорғайды;
12) Қоғамның шетелдік қорлармен және бағдарламалармен халықаралық жобалық қызметіне ықпал етеді;
13) Қоғамның миссиясы мен құндылықтарын бейнелейтін және ілгерілететін Қоғам брендінің (brand ambassador) өкілі ретінде әрекет етеді;
14) Өз құзыреті шегінде Қоғамның Директорлар кеңесінің, сондай-ақ өзге де корпоративтік басқару органдарының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Білімі мен құзыреттері:
1) Лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
2) Мемлекеттік, ағылшын (intermediate деңгейінде және жоғары) және орыс тілдерін міндетті түрде білу, басқа шетел тілдерін білу құпталады;
3) Технологияларды коммерцияландыру процесін білу;
4) Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын білу;
5) Жобаларды басқару, корпоративтік басқару саласындағы білім;
6) Мәдениетаралық коммуникация моделін білу;
7) Білім беру және педагогика саласындағы менеджменттің негізгі қағидаттарын білу;
8) Стратегиялық жоспарлау және талдау дағдылары;
9) Жобаларды инвестициялық талдау дағдылары;
10) Ғылыми-техникалық сараптама жүргізу дағдылары;
11) Келіссөздер жүргізу дағдылары.
Қасиеттері:
- Қоғам миссиясы мен құндылықтарына берік әрі тұлғалық адалдығын көрсету;
- Келесі қасиеттерінің болуы: бастамашылдық, адалдық, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару және командада жұмыс істей білу;
Төмендегі адамдар Конкурсқа қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған адамдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) 2 Қосымшаға сəйкес үлгідегі өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Белгіленген 3 Қосымшаға сəйкес үлгідегі көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:
- Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарынан алған білім беру құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім беру құжаттарын тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар Қазақстан Республикасының азаматтарына - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісім) күшіне енетін құжаттарды қоспағанда;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі;
- өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шартқа (келісімге) сәйкес келетін білім беру құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім беру құжаттарын тану туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;
5) еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі немесе электронды көшірмесі;
6) Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды) № 075/у нысаны бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес, құжаттарды ұсыну күнінен алты айдан аспайтын мерзім бұрын берілген болуы тиіс;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) азаматтарға арналған электронды үкімет порталынан сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама (ХҚО, Egov.kz порталы және т.б.);
10) азаматтарға арналған электронды үкімет порталынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны жөнінде мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ХҚО, Egov.kz порталы және т.б.);
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Қаныш Сәтпаев көшесі, 2, 103 кабинет мекенжайы бойынша Корпоративтік хатшы қызметіне тапсыру қажет. Тел.: +7 708 4252623 (Орынбаев Мадияр).
