
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚХА кафедрасы докторанттарының зерттеу практикасы бойынша қорытынды қорғауы өтті

2026 жылғы 27 наурыз күні сағат 18:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) кафедрасында 8D03107 – «Этносаясаттағы дипломатия және менеджмент» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанттарының зерттеу практикасы бойынша есептерін қорғау өтті.
Комиссия құрамына кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы Калашникова Н.П.; филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Токенқызы Гүлназ; саяси ғылымдарының докторы, доцент м.а. Қайдарова А.С. кірді.
Қорғауға Қазақстанның жетекші ғылыми және талдамалық орталықтарында зерттеу практикасынан өткен докторанттар қатысты:
- Жексембекова У.Б. - Қазақстандық қоғамдық даму институты;
- Қаратай Н. - Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты;
- Камытбекова А.Б. - Қазақстандық қоғамдық даму институты;
- Қоныршин К. - Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты;
- Каюпова Ф.М. - Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
- Төкенов А. - «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты;
- Мирманова А. - Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты;
- Хангельды Н. - Қазақстандық қоғамдық даму институты.
Қорғау барысында докторанттар зерттеу практикасының нәтижелерін ұсынып, тәжірибеден өткен ұйымдардың қызмет бағыттарын, сондай-ақ меңгерген кәсіби және зерттеушілік құзыреттерін жан-жақты баяндады. Талдамалық дағдыларды дамытуға, эмпирикалық деректермен жұмыс істеуге және этносаясат пен қоғамдық даму салаларындағы қолданбалы зерттеулерге қатысуға ерекше назар аударылды.
Докторанттар теориялық білімдерін тәжірибеде тиімді қолдана алатынын көрсетіп, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін таныстырды, сондай-ақ оларды диссертациялық жұмыстар аясында одан әрі пайдалану мүмкіндіктерін атап өтті.
Отырыс барысында ғылыми жетекшілердің пікірлері тыңдалып, докторанттардың зерттеу процесіне белсенді қатысуы, олардың талдамалық дайындығы мен дербес ғылыми жұмыс жүргізу қабілеті жоғары бағаланды.
Қорытындысында комиссия зерттеу практикасының нәтижелерін оң бағалап, докторанттардың дайындық деңгейінің жоғары екенін және олардың алдағы ғылыми-зерттеу қызметіне дайын екенін атап өтті.
