
Психология кафедрасының кеңейтілген отырысы аясында докторлық диссертацияны талқылау

2026 жылғы 24 сәуір күні сағат 11:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 106 аудиториясында (№4 корпус) психология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді.
Отырыста «8D03103 – Психология» білім беру бағдарламасының докторанты Шакимова Дарияш Дарибаевнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Педагогтердің стреске тұрақтылығының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады (жұмыс қазақ тілінде ұсынылған).
Ғылыми кеңесшілер:
Отандық ғылыми кеңесші:
Аубакирова Жанат Канашовна - психология ғылымдарының кандидаты,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессорының м.а.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Yücel Gelişli – философия докторы (PhD), Гази университетінің профессоры (Анкара қ, Түркия).
Ресми рецензенттер:
Менлибекова Гульбахыт Жолдасбековна – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры.
Мандыкаева Алмагуль Рамазановна - психология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры.
