
8-9 сәуірде ЕҰУ-да Орталық Азия білімді аккредиттеу қауымдастығының (САААЕ) Сыртқы сарапшылар тобының визиті өтеді

2026 жылғы 08-09 сәуір аралығында университетте мамандандырылған аккредиттеу аясында Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (САААЕ) Сыртқы сараптама тобының сапары өтеді.
Сапар аясында университеттің 11 білім беру бағдарламасына аудит жүргізіледі:
7М05308 - Медициналық физика,
8D07140 - Наноматериалдар және нанотехнологиялар,
7М05309 - Радиациялық қауіпсіздік,
6В07118 - Электр энергетикасы,
6В07117/ 8D07117 - Жылуэнергетика,
7М07121 - Жасыл энергетика технологиялары,
7М06307 - Криптология,
6В02120 - Графикалық дизайн,
6В07314 - Қала құрылысын жоспарлау және кадастр,
7М04125 - Менеджмент.
Сапар бағдарламасы аясында университет басшылығымен, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, аккредиттеуден өтетін білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы, білім алушылары, түлектері және жұмыс берушілермен сұхбат-кездесулер өткізу жоспарлануда.
