
8 сәуірде ЕҰУ-да «Кәсіби навигатор: заманауи мұғалім және карьерлық өсу» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді
02.04.2026 46

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай Білім жоғары мектебі, Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіби навигатор: заманауи мұғалім және қызметтік өсу» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара барысында білім беру саласындағы заманауи мұғалімнің рөлі, кәсіби құзыреттілікті дамыту, қызметтік өсу мүмкіндіктері мен табысты тәжірибелер талқыланып, қатысушыларға практикалық кеңестер ұсынылады.
Дөңгелек үстел 2026 жылғы 08 сәуір күні сағат 10:00-де ЕҰУ-дың 5-оқу-зертханалық ғимараты, 224 аудиториясында өтеді. Барлық қызығушылық танытқан студенттер мен оқытушыларды қатысуға шақырамыз.

Бөлісу:
