
6–11 сәуір аралығында Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасы 1–3 курс студенттері арасында бейнероликтер байқауын өткізеді

6–11 сәуір аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылым онкүндігі аясында Білім беру жоғары мектебінің Шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасы 1–3 курс студенттері арасында «Менің университетім – менің мамандығым – менің дамуым» тақырыбында онлайн форматта бейнероликтер байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты - студенттердің креативті ойлауын, цифрлық дағдыларын және кәсіби өзін-өзі тануын бейнеролик жасау арқылы дамыту.
Қатысу шарттары:
1–3 курс студенттері қатыса алады;
Жеке немесе топпен (3 адамға дейін);
Бейнеролик ұзақтығы: 1–3 минут;
Тілі: ағылшын / қазақ / орыс
Форматы: MP4
Бейнеролик авторлық болуы тиіс.
Бейнеролик мазмұны:
Университетті таныстыру;
Болашақ мамандықпен байланысы;
Жеке даму және жетістіктер;
Креативті тәсіл (сторителлинг, визуалды эффектілер, монтаж).
Бағалау критерийлері (100 балл):
Мазмұны және тақырыпты ашуы - 20 балл.
Креативтілік және ерекшелік – 20 балл.
Тілдік сауаттылық – 15 балл.
Құрылымы және логикасы (сторителлинг) – 15 балл.
Техникалық сапасы – 15 балл.
Көрерменге әсері және қызығушылық тудыруы – 15 балл.
Номинациялар:
Үздік бейнеролик;
Ең креативті жұмыс;
Үздік тілдік безендіру;
Көрермен көзайымы.
Жұмыстарды қабылдау: ielts_enu2026@mail.ru
Қорытынды:
Жеңімпаздар Ғылым декадасының соңында жарияланады
Университетіңді, мамандығыңды және даму жолыңды көрсет!

