
«ENU: NEW STRATEGY» стратегиялық сессия-конвенті Times Higher Education халықаралық сарапшыларының қатысуымен

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жаңа даму стратегиясын әзірлеу және университеттің 30 жылдығы аясында Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің, профессор-оқытушылар құрамының, әкімшілік-басқарушылық персоналдың, түлектердің, жұмыс берушілердің және білім алушылардың қатысуымен стратегиялық сессия-конвент өткізіледі.
Сессия жұмысына университеттердің қызметін бағалау саласындағы жетекші әлемдік аналитикалық орталықтардың бірі – Times Higher Education сарапшылары қатысады.
Стратегиялық сессияның мақсаты - даму бағытының стратегиялық векторын айқындау, басым бастамалар портфелін қалыптастыру және тұрақты өсімді қамтамасыз ету үшін тиімділіктің өлшенетін көрсеткіштерін белгілеу.
Күннің бірінші жартысында Times Higher Education халықаралық сарапшыларымен стратегиялық воркшоп өтеді. Талқылау аясында университеттің ағымдағы позициясы, оның күшті жақтары мен негізгі өсу бағыттары, сондай-ақ халықаралық рейтингтерде ілгерілеуге әсер ететін факторлар қарастырылады.
Өткізу уақыты: 2026 жылғы 15 сәуір, сағат 09:00–12:30.
Күннің екінші жартысында жұмыс стратегиялық бастамаларды қалыптастыру және бірлескен шешімдер әзірлеу мақсатында ашық диалог алаңы форматында жалғасады.
Өткізу уақыты: 2026 жылғы 15 сәуір, сағат 15:00–18:00.
Өткізу орны: Оқу-зертханалық корпус (Қажымұқан көшесі, 11),
8-қабат, 821 аудитория; 9-қабат, VIP зал.
Іс-шараға қатысуға барлық мүдделі тұлғаларды шақырамыз.
