
«7M03109 – Этносаясаттану» білім беру бағдарламасы магистранттарының шетелдік ғылыми тағылымдама есептерін қорғауы

2026 жылғы 6 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) кафедрасында София университетінде (Болгария) оқу және зерттеу тәжірибесінен өткен «7M03109 – Этносаясаттану» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарының шетелдік ғылыми тағылымдама есептерін қорғау рәсімі өтті.
Комиссия құрамына: кафедра меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Н.П. Калашникова, кафедраның жетекші оқытушылары, сондай-ақ университетiң ғылыми қоғамдастық өкілдері кірді.
Қорғау рәсіміне шетелдік кеңесші — саяси ғылымдар докторы, профессор Татьяна Дронзинаның жетекшілігімен өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынған магистранттар Үрстенова Динара мен Ғазизуллина Жанна қатысты.
Қорғау барысында тағылымдаманың келесі негізгі нәтижелері таныстырылды:
Св. Климент Охридский атындағы София университеті кітапханасының қорларымен жұмыс нәтижелері және библиографиялық материалдарды жинақтау.
Болгарияның бейінді ведомстволарының өкілдерімен, соның ішінде Сыртқы істер министрлігімен (Владимир Ванчевпен кездесу) өткен сарапшылық кездесулердің қорытындылары. Кездесуде дипломатия және жастар саясаты мәселелері талқыланды.
Педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған София университетінің бакалавриат студенттеріне лекциялық сабақтар өткізу тәжірибесі.
Баяндамада саяси процестерді талдаудың еуропалық әдістемелерін және медиация теориясын зерттеуге ерекше назар аударылды. Магистранттар халықаралық тәжірибені өздерінің диссертациялық жұмыстары аясында қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.
Отырыс барысында магистранттардың зерттеу процесіне жоғары деңгейде араласуы, терең аналитикалық дайындығы және зерттеу нәтижелерін халықаралық сарапшылық ортада сәтті сынақтан өткізуі атап өтілді.
Қорғау қорытындысы бойынша комиссия шетелдік ғылыми тағылымдаманың нәтижелерін оң бағалап, магистранттардың игерген құзыреттіліктерінің жоғары деңгейін және болгариялық әріптестермен орнатылған кәсіби байланыстардың кафедра мен білім беру бағдарламаларын одан ары дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.
