
Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында Испаниядағы Гранада университетінің профессоры Энрике Федерико Керо Гервильямен мазмұнды әрі тағылымды кездесу өтті.
20.04.2026 7

Кездесу барысында этничность, мәдениетаралық өзара іс-қимыл және осы тақырыптарды зерттеудің заманауи академиялық тәсілдері талқыланды. Докторанттар мен магистранттар диалогқа белсенді қатысып, Испанияның саяси жүйесіне қатысты мазмұнды әрі терең сұрақтар қойды.
Кездесу ашық пікір алмасуға мүмкіндік беріп, академиялық диалогты дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Профессорға құнды ойлары, бай тәжірибесі және шабыттандыратын үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Бөлісу:
