
6 мамыр күні ЕҰУ-да шығыстану кафедрасының профессоры, алаштанушы ғалым Күлпаш Ілиясованың монографиясының тұсаукесері өтеді
30.04.2026 49

Құрметті зиялы қауым! Қадірлі әріптестер!
Сіздерді «Әлім Алмат және ақталмаған легионерлер» ғылыми семинар аясында өтетін Шығыстану кафедрасының профессоры, алаштанушы-ғалым Күлпаш Мырзамұратқызы Ильясованың «Тағдыр - Тарих: скрипкашы Әлім Алматтың күнделікті өмірі» атты монографиясының тұсаукесеріне шақырамыз.
Ғылыми семинарға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, өнертанушылар мен Әлім Алматтың ұрпақтары қатысады. Модератор Шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ақжігіт Әлібекұлы.
Іс-шараны Халықаралық қатынастар факультетінің Шығыстану кафедрасы Ғылыми кітапханамен бірлесе ұйымдастырады.
Күні: 06.05.2026
Уақыты: 10:00–12:00
Мекен - жайы: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы (№2 оқу залы)
Бөлісу:
