
ЕҰУ-да тегін құқықтық көмек алуға болады

Құрметті азаматтар!
«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КЕАҚ заң факультеті жанындағы Заң клиникасы барлық тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетеді.
Заң клиникасының жұмысы аясында сіз қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес ала аласыз.
Кеңес берушілер:
Астана қаласының Адвокаттар алқасының адвокаттары: Жанаділова Жанна Негматовна, Байдулла Нұрлығайым Байдуллаевна;
Астана қаласының Нотариалдық палатасының нотариустары: Мәдиева Райгүл Мәдіқызы, Хашиева Танзила Магомедовна;
Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушылары: Балтаева Анеля Дулаткызы, Жакеев Тимур Серикович.
Мәселелеріңіздің заңды шешімін табуға көмектесеміз!
Күні: 04.05.2026
Уақыты: 14:00 – 16:00
Мекенжайы: Сәтбаев көшесі 2, «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ Бас ғимараты (ОАҚ), 2-қабат.
