
Студенттерге арналған Gemini Academy курсы бойынша оқыту
12.05.2026 57

Құрметті білім алушылар!
12 мамыр күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Google өкілдері Gemini Academy курсы бойынша оқыту өткізетінін еске саламыз.
Оқуға қатысу үшін тыңдаушыларда Google-дың корпоративтік аккаунты МІНДЕТТІ ТҮРДЕ болуы қажет.
Google-ға корпоративтік аккаунт арқылы кіру нұсқаулығы:
- Platonus жүйесінде құпиясөзді қалпына келтіріңіз.
edu.enu.kz сайтына кіріп, өз аккаунтыңыз үшін құпиясөзді қалпына келтіріңіз. - Синхрондауды күтіңіз.
Құпиясөзді ауыстырғаннан кейін өзгерістердің синхрондалуы үшін 2–3 минут күту қажет.
Ескертпе: егер құпиясөзді ауыстырғаннан кейін Microsoft сервистеріне кіруде қиындықтар туындаса, жаңа құпиясөзді пайдаланып қайта авторизациядан өтіңіз. - Google жүйесіне кіріңіз.
https://accounts.google.com сайтына өтіп, төмендегі деректерді пайдаланып кіріңіз:- логин: корпоративтік поштаңыз, мысалы, omarbekova_as@enu.kz;
- құпиясөз: Platonus жүйесінде орнатылған жаңа құпиясөз.
- Егер кіру сәтсіз болса, тағы 10–15 минут күтіп, қайта көріңіз.
Құпиясөздің дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда құпиясөзді қайта қалпына келтіріңіз.
Бейне-нұсқаулық сілтеме бойынша:
https://www.instagram.com/reel/DW9a3llCALl/?igsh=MWNzaDF0b3RiZHpxMQ==
Бөлісу:
