
«8D07102 - Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кужуханова Жадра Асаутаевна диссертациясын қорғауы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кужуханова Жадра Асаутаевна «8D07102 – Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша «Мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқаруға арналған шешім қабылдауды қолдау жүйесі» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жүйелік талдау және басқару кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
- Мырзашева Айгүл Нармағанбетовна – техника ғылымдарының кандидаты, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, , Хирш индексі – 3 (Атырау қ., Қазақстан Республикасы);
- Бегалиева Каламкас Балтабековна – PhD, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, , Хирш индексі – 3 (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Сарсенбаев Нурлан Садуакасович – техникалық ғылымдар кандидаты «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, Хирш индексі – 4 (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
- Кылышканов Манарбек Калымович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ғылым, сирек металдар және сирек жер металдары департаментінің менеджері, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Хирш индексі – 9 (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
- Зимин Игорь Викторович – техникалық ғылымдар кандидаты, профессор, Цифрлық инновациялар академиясының ғылым жөніндегі проректоры, (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Оразбаев Батырбай Бидайбекович – техникалық ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Марков Александр Владимирович – техникалық ғылымдарының кандидаты, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінің «Басқару жүйелері» кафедрасының меңгерушісі (Минск қ., Беларусь Республикасы).
Қорғау 2026 жылғы 17 маусым, сағат 16:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D07102 – Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://teams.microsoft.com/meet/48209756303409?p=6sCPs0xt77sFTefsph
Мекен-жайы: Астана қ., Пушкин көшесі, 11, №222 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Кужуханова Жадра Асаутаевнаның «8D07102 – Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқаруға арналған шешім қабылдауды қолдау жүйесі» атты диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Мұнайды алғашқы өңдеу процестерін тиімді басқару үшін қосымша айқын емес ақпараттар негізінде модельдер кешені мен шешім қабылдау алгоритмдерін құру және оларды мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқару бойынша шешім қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеуде қолдану. Зерттеу міндеттері. Ғылыми зерттеу аясында қойылған мақсатқа кешенді және әдіснамалық тұрғыдан негізделген түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзара байланысты міндеттер жиынтығы тұжырымдалып, дәйекті түрде әзірленді. – мұнайды алғашқы өңдеу технологиялық қондырғысы және процестерін модельдеу мен тиімді басқару бойынша шешім қабылдау тәсілдемелерін зерттеп, талдау және сипаттау; – бастапқы ақпараттар тапшылы мен айқынсыздығы жағдайында мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысының мақсаттық мұнай өнімдері алынатын атмосфералық-түтіктік (АТ) блогының модельдері кешенін, жүйелік тәсілін құру; – мұнайды алғашқы өңдеу процестері жүретін АТ блогы негізгі агрегаттарының гибридті (детерминді, статистикалық, айқын емес, лингвистикалық) модельдерін құру және оларды бір модельдер кешеніне біріктіру; – мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысы АТ блогының жұмыс режимдерін көпкритерийлік және айқынсыздық жағдайында тиімді басқару бойынша шешім қабылдау есептерін, математикалық қойылымдарын алу және оларды түрлі оптималдық принциптерін модификациялау арқылы тиімді шешу эвристикалық алгоритмдерін құру; мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысы АТ блогындағы мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқару бойынша шешім қабылдауды қолдау жүйесінің архитектурасы мен ішкіжүйелерін әзірлеу. Зерттеу әдістері. Зерттеу нысанның, яғни мұнайды алғашқы өңдеу процестері өтетін АТ блогы негізгі агрегаттары модельдері кешенін құрудағы жүйелік тәсілдемелі методологиясы, статистикалық модельдерді құрудың дәстүрлі тәсілдері және осы диссертацияда ұсынылған жүйелік тәсіл қолданылған. Құрылған модельдер кешені негізінде мұнайды алғашқы өңдеу процестерін айқынсыздықта тиімді басқару үшін шешім қабылдау есептерін шешуде құрылған эвристикалық тәсілдер мен белгілі көпкритерийлік шартты оптимизациялау тәсілдері, сондай-ақ сараптамалық және айқын емес жиындар теориясы тәсілдері пайдаланылады. Қорғалатын негізгі мәселелер: 1. Қажетті ақпараттар тапшылығы мен айқынсыздығы жағдайында мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысының мақсаттық мұнай өнімдері анынатын АТ блогының модельдері кешенін құрудың жүйелік тәсілі; 2. Мұнайды алғашқы өңдеу процестері жүретін АТ блогы негізгі агрегаттарының детерминді, статистикалық, айқын емес, лингвистикалық модельдерін қамтитын гибридті моделі мен оларды бір модельдер кешеніне біріктіру принципі; 3. Мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысы АТ блогының жұмыс режимдерін көпкритерийлік және айқынсыздық жағдайында тиімді басқару бойынша шешім қабылдау есептерін математикалық қойылымдары мен тиімді шешу БК+ИН және КП+ОП эвристикалық алгоритмдері; 4. Мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысы АТ блогындағы мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқару бойынша шешім қабылдауды қолдау жүйесінің архитектурасы мен ішк іжүйелері. Негізгі зерттеу нәтижелерінің сипаттамасы. Зерттеу нәтижесінде ЭЛСТ-АТ қондырғысының АТ блогында өтетін мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқаруға арналған шешім қабылдауды қолдау жүйесін құрудың негізгі мәселелері зерттеліп, шешілген. Зерттеу жұмысында алынған теориялық нәтижелер: күрделі технологиялық жүйелердің модельдер кешенін құрудың жүйелік тәсілі, айқынсыздықта шешім қабылдау үшін ұсынылған тиімді эвристикалық алгоритмдер ақпарат тапшылығы мен айқынсыздығы жағдайларында өндірістік нысандарды жүйелік модельдеу негізінде тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы алынған нәтижелер негізінде күрделі АТ блогы сияқты өндірістік нысандарды басқару бойынша шешім қабылдау жүйелерінің әзірленетінінде. Мұндай күрделі жүйелерді басқару бойынша шешім қабылдауды қолдау жүйелері ақпарат жеткіліксізді мен айқынсыздығы кезінде түрлі өндірістік сала технологиялық нысандарының жұмыс режимдерін тиімді басқару бойынша шешім қабылдаушы оператор-технологқа айтарлықтай қолдау көрсетеді. Диссертациялық жұмыста алынған АТ бологы модельдер кешені, шешім қабылдау есептерін шешудің эвристикалық алгоритмдері негізінде әзірленген МАӨ процестерін басқаруға арналған шешім қабылдауды қолдау жүйесін өндірістік жағдайларда тексеру нәтижелері мен өндірістік шынайы мәліметтерінің жоғары сәйкестігін, ауытқу шамаларының 35 %-тен аспайтынын көрсетті. Сонымен қатар зерттеуде ақпарат тапшылығы мен айқынсыздығы кезінде мұнайды алғашқы өңдеу процестерінің жүйелік модельдеу, басқару бойынша шешім қабылдау бағытында маңыздылығы жоғары ғылыми мәселелер және мұнай өңдеу технологиялық қондырғыларының жұмыс режимдерін тиімді басқару практикасындағы аса өзекті мәселелерді шешу саласында ғылыми негізделген нәтижелер алынған. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі. Диссертацияны орындау барысында алынған негізгі зерттеу нәтижелерінің ғылыми жаңашылдықтары: – ақпараттар тапшылығы мен айқынсыздығына байланысты АТ блогы мысалында сипатталған күрделі технологиялық нысандардың модельдері кешенін құру жүйелік тәсілінің жаңашылдығы, оның анықсыздық жағдайында нашар формализацияланатын технологиялық нысандардың әр агрегатына құрылуы тиімді модель түрін құрып, құрылған модельдерді нысанды жүйелік модельдейтін бір модельдер кешеніне біріктіруінде. Нәтижесінде бастапқы ақпарат жетіспеушілі мен айқын емес кезінде өз-ара байланысқан агрегаттардан тұратын күрделі технологиялық нысанның тиімді және адекватты модельдерін қамтитын модельдер кешені оны жүйелік модельдеу арқылы тиімді жұмыс режимін анықтауға мүмкіндік береді. – мұнайды алғашқы өңдеу процесстері жүретін АТ блогы негізгі агрегаттарының құрылған детерминді, статистикалық, айқын емес және лингвистикалық, яғни гибридтік моделінің ерекшеліктері мен жаңашылдықтары олардың қолжетімді түрлі сипаттағы ақпараттар негізінде синтезделуі және бір модельдер кешеніне бірігуінде. Нәтижесінде АТ блогын жүйелік модельдеу негізінде оның мәселе туындататын «жіңішке» жерлерін анықтап, шешу арқылы АТ блогының жұмыс тиімділігі артады және сапалы мақсаттық МАӨ мақсаттық өнімдері артады; – мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысы АТ блогының жұмыс режимдерін көпкритерийлік және айқынсыздық жағдайында тиімді басқару бойынша шешім қабылдау есептерін математикалық қойылымдары және оларды шешу эвристикалық алгоритмдерінің жаңашылдықтары мен ерекшеліктері келесідей. Айқын емес ортада мұнайды алғашқы өңдеу процесстерін басқару бойынша шешім қабылдау есептері мен оларды шешу үшін ұсынылған эвристикалық тәсілдерінің айқын емес есептерді айқын есептер жиынтығына келтіруге негізделген, белгілі тәсілдерден айырмашылығы, ұсынылған эвристикалық тәсілдеме есепті айқынсыздықта қойып, шешуге негізделген. Бұл қолжетімді айқын емес ақпаратты формализациялау арқылы, қолдану арқылы айқынсыздықта адекватты және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ал айқын емес есептерді шешудің белгілі тәсілдерінде жиналған айқын емес ақпарат шешім қабылдауда толықтай қолданылмайтындықтан, қабылданған шешімнің адекваттығы мен тиімділігі төмендейді. Ұсынылған эвристикалық тәсілдеме өндідірісте туындаған жағдайлар мен ШҚТ-ға қолжетімді ақпаратқа байланысты тиімді болатын түрлі оптималдық принциптерін айқынсыздыққа модификациялауға негізделген. Нәтижесінде ШҚТ өндіріс пен оның өнімдері нарығындағы талаптар мен сұрыныстарға байланысты шешім қабылдау тәсілін таңдай алады және шешім қабылдау процесінде өзінің басымқылары негізінде ең тиімді болатын шешімді, құрылған модельдер кешені көмегімен таңдап, қабылдай алады. мұнайды алғашқы өңдеу қондырғысы АТ блогындағы мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқару бойынша ШҚҚЖ-нің әзірленген архитектурасы, ішкіжүйелері, белгілі ұқсас жүйелерден артықшылықтары, оның құрамында түрлі қолжетімді ақпараттар негізінде АТ негізгі агрегаттарының синтезделген модельдерінің кешені мен тиімді шешім қабылдау эвристикалық алгоритмдерінің болуы. Бұл модельдер кешені мен эвристикалық алгоритмдер ШҚТ, маман-эксперттердің табиғи тілдерінде тұжырымдалған тәжірибесі, білімі мен интуциялары, яғни айқын емес ақпарат негізінде мұнайды алғашқы өңдеу процестерін тиімді басқару үшін айқынсыздықта адекватты шешімдер қабылдауға айтарлықтай қолдау көрсетеді. Яғни шешім қабылдауды қолдау жүйесінің АТ блогы негізгі агрегаттарының модельдері кешені және шешім қабылдау есептерін шешу тәсілдері, эвристикалық алгоритмдері құрылған ішкіжүйлері әзірленетін ШҚҚЖ-ін интеллектуалдандыратын негізгі элементтері болып табылады. Ғылыми даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі. Қазақстан Республикасының стратегиялық даму бағыттарына толық сәйкес келеді. Зерттеу тақырыбы Қазақстан-2050 Стратегиясы және Қазақстан Республикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспары аясында айқындалған экономиканы цифрландыру, өнеркәсіпті технологиялық жаңғырту және ресурстарды тиімді пайдалану басымдықтарымен үйлеседі. Сонымен қатар, жұмыс мұнай-газ саласын дамыту және ұлттық экономиканы трансформациялау бойынша қойылған міндеттерге сәйкес келеді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы. Диссертациялық зерттеу тақырыбы аясында жарияланған барлық ғылыми еңбектер өтініш берушінің тікелей әрі айқындаушы қатысуымен орындалып, мұнайды алғашқы өңдеу процестерін тиімді басқару үшін қосымша айқын емес ақпараттарға негізделген модельдер кешені мен шешім қабылдау алгоритмдерін әзірлеу саласындағы дербес ғылыми ізденістердің нәтижелерін айқын көрсетеді. Өтініш беруші ғылыми мәселені дербес түрде тұжырымдап, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, сондай-ақ нысаны мен пәнін ғылыми тұрғыдан негіздеп, нақты анықтады. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда ұсынылған жарияланымдар ғылыми зерттеу тұжырымдамасын әзірлеу кезеңдерін қамтып, мұнайды алғашқы өңдеу қондырғыларының негізгі атмосфералық айдау (АТ) блогы мен оның негізгі агрегаттарын зерттеуден бастап, АТ блогында мұнайды алғашқы өңдеу (МАӨ) процестерін басқаруға арналған шешім қабылдауды қолдау жүйесінің архитектурасы мен негізгі ішкі жүйелерін әзірлеуге дейінгі жұмыстарды қарастырады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда келесі ғылыми нәтижелер алынды: мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысы атмосфералық блогының негізгі К1 және К2 колонналарының жұмыс режимдері зерттеліп, эксперименттер арқылы олардың модельдерін құруға қажетті деректер жинақталып, өңдеді; зерттеу барысында алынған деректер, ақпарат негізінде К1 ректификациялық және К2 атмосфералық колонналарының математикалық модельдерінің құрылымдары мен белгісіз параметрлері идентификациялады; – әзірленген модельдер негізінде модельдеу нәтижесінде алынған атмосфералық блогтың негізгі өнімдері: бензин, керосин және мазут көлемдері мәндері MATLAB жүйесі көмегімен олардың шынайы мәндерімен салыстырылып, құрылған модельдердің адекваттығын дәлелдеді; Халықаралық Scopus дерек қорында индекстелген ғылыми басылымда автор тарапынан келесі ғылыми нәтижелер алынды: – МАӨ қондырғысы АТ блогының жұмыс режимдерін көпкритерийлік және айқынсыздық жағдайында тиімді басқару бойынша шешім қабылдау есептерін математикалық қойылымдарын алды және оларды түрлі оптималдық принциптерін модификациялауға негізделген тиімді шешу эвристикалық алгоритмдерін құрды; – МАӨ қондырғысы АТ блогындағы мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқару бойынша шешім қабылдауды қолдау жүйесінің архитектурасы мен ішкіжүйелері әзірледі; – құрылған мұнайды алғашқы өңдеу процестерін басқаруға арналған ШҚҚЖ-нің АТ блогын негізгі агрегаттарында өтетін МАӨ процестерін басқару бойынша шешім қабылдау мақсатында олардың құрылған модельдер негізінде модельдеу интерфейстері мен нәтижелерін келтірді. Барлық математикалық есептеулер, алгоритмдік әзірлемелер, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу, есептеу эксперименттерін жобалау және орындау, нәтижелерді өңдеу, оларды талдау және ғылыми қорытындыларды тұжырымдау өтініш берушінің жеке өзі арқылы жүзеге асырылды. Бірлескен авторлықтағы ғылыми жарияланымдарда ізденуші ғылыми мәселені тұжырымдауға, әдіснамалық негізді әзірлеуге, есептеулер жүргізуге, иллюстрациялық материалдарды дайындауға және мақалалардың негізгі мәтінін жазуға елеулі үлес қосты. Жарияланған ғылыми еңбектер өзара логикалық тұрғыдан үйлесіп, зерттеу идеясының бірізді дамуын көрсетеді және диссертациялық жұмыс тақырыбына толық сәйкес келеді. Жарияланымдарда ұсынылған біріктірілген нәтижелер орындалған зерттеудің дербес сипатын, сондай-ақ ізденушінің мұнайды алғашқы өңдеу процестерін тиімді басқару үшін қосымша айқын емес ақпараттар негізінде модельдер кешені мен шешім қабылдау алгоритмдерін әзірлеуге және оларды МАӨ процестерін басқару бойынша шешім қабылдауды қолдау жүйесін құруға қосқан елеулі жеке үлесін растайды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
