
«8D01717 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Асанбаева Елдана Бахытовна диссертациясын қорғауы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Асанбаева Елдана Бахытовна «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақ тілін оқытуда кино дискурсын қолданудың лингводидактикалық негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ тілі білімі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Советовна Алмагуль Адилова
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Шормакова Айжан Ботановна - доцент
Юсупова Альфия Шавкетовна
Ғылыми кеңесшілері:
Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы
Ибрахим Шахин
Қорғау 2026 жылғы 22 маусым, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01717 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://twi.kz/g6bqk Идентификатор конференции: 452 501 842 320 37 Код доступа: vK7bH2Uj
Мекен-жайы: г. Астана, ул. К. Сатпаева, 2, аудитория № 302.
Аңдатпа (қаз.): Асанбаева Елдана Бахытовнаның 8D01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақ тілін оқытуда кино дискурсын қолданудың лингводидактикалық негіздері» диссертациялық жұмысының АҢДАТПАСЫ Диссертациялық зерттеудің мақсаты: Қазақ тілін оқытуда кино дискурсын қолданудың теориялық-әдіснамалық және лингводидактикалық негіздерін кешенді түрде айқындау, оның көпмодальды, прагматикалық және лингвомәдени әлеуетін ғылыми тұрғыдан жүйелеу, аудиовизуалды қабылдауды дербес тілдік-танымдық дағды ретінде негіздеу, Т1 және Т2 аудиторияларға арналған кино дискурсына негізделген модульдік оқыту бағдарламасы мен жаттығулар жүйесін әзірлеу және олардың тиімділігін педагогикалық эксперимент пен апробация нәтижелері арқылы дәлелдеу. Зерттеу міндеттері: – кино дискурсы ұғымын дискурс теориясы, медиалингвистика және лингводидактика тоғысында ғылыми тұрғыдан айқындау және оны киномәтін, кинодиалог, киносценарий ұғымдарынан ажыратып көрсету; – кино дискурсын білім беру үдерісінде қолданудың психологиялық, танымдық және лингводидактикалық негіздерін, көпарналы қабылдау ерекшеліктерін анықтау; – аудиовизуалды қабылдауды тіл үйрету үдерісінде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларымен қатар дамитын дербес тілдік-танымдық дағды ретінде теориялық тұрғыдан негіздеп, оның құрылымдық сипаттамасын ұсыну; – қазақ тілін оқытуда кино дискурсын қолданудың дидактикалық ұстанымдарын, бейнематериал іріктеу өлшемдерін және әдістемелік ұйымдастыру қағидаттарын жүйелеу; – кино дискурсы арқылы білім алушылардың коммуникативтік, дискурстық, лингвомәдени және прагматикалық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер мен жұмыс түрлерін сипаттау; – Т1 (ана тіл аудиториясы) және Т2 (екінші тіл аудиториясы) үшін кино дискурсына негізделген оқытудың ерекшеліктерін айқындап, деңгейлік (B2-C1 және басқа) бейімдеу тетіктерін көрсету; – кино дискурсы негізінде қазақ тілін оқытуға арналған модульдік оқу бағдарламасын әзірлеу; – ұсынылған әдістемелік модельдің, модульдік бағдарламаның және жаттығулар жүйесінің тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру. Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында кино дискурсының тілдік және прагматикалық ерекшеліктерін айқындау үшін контент-анализ қолданылды, ал білім алушылардың тілдік әрекеті мен уәждемесіндегі өзгерістер бақылау және сауалнама арқылы зерделенді. Әдістеменің тиімділігі арнайы әзірленген модульдік бағдарлама негізінде жүргізілген педагогикалық эксперимент және бақылау мен эксперименттік топтардың нәтижелерін салыстырмалы талдау арқылы бағаланды. Сонымен қатар кино материалдарының тілдік мазмұнын кешенді түсіндіру мақсатында аудиовизуалды семиотикалық талдау әдісі пайдаланылды. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар): Зерттеу барысында кино дискурсының тілдік және прагматикалық мазмұнын кешенді сипаттау үшін контент-анализ әдісі қолданылады, оның негізінде кинофильмдердегі лексикалық бірліктердің, фразеологизмдердің және сөйлеу үлгілерінің қолданыс ерекшеліктері айқындалады. Білім алушылардың оқу үдерісіндегі тілдік әрекеті, сөйлеу дағдылары мен оқу уәждемесіндегі өзгерістер жүйелі бақылау арқылы зерделенеді және сауалнама нәтижелерімен толықтырылады. Бұл тәсілдер кино дискурсына негізделген оқытудың қабылдануы мен тиімділігіне қатысты сапалық сипаттамалар алуға мүмкіндік береді. Әдістеменің нәтижелілігін анықтау мақсатында арнайы әзірленген модульдік бағдарлама негізінде педагогикалық эксперимент жүргізіледі. Эксперимент барысында білім алушылардың тыңдалым, айтылым, жазылым және аудиовизуалды қабылдау дағдыларының даму динамикасы айқындалып, бақылау және эксперименттік топтардың нәтижелері салыстырмалы талдау арқылы өңделеді. Сонымен қатар кино мәтіндерінің құрылымын терең түсіндіру үшін аудиовизуалды семиотикалық талдау қолданылады, соның негізінде бейне, дыбыс және вербалды компоненттердің өзара ықпалы тілдік дискурс тұрғысынан кешенді қарастырылады. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы: Зерттеу барысында кино дискурсының лингводидактикалық әлеуеті кешенді түрде сипатталып, оны қазақ тілін оқыту үдерісінде жүйелі қолдануға мүмкіндік беретін әдістемелік модель ұсынылды. Бұл модель тілдік материалды табиғи коммуникативтік ортада, ұлттық-мәдени контексте және аудиовизуалды қабылдау негізінде меңгертуді қамтамасыз ететіні айқындалды. Зерттеу аясында аудиовизуалды қабылдау тыңдалым мен көру әрекеттерінің механикалық қосындысы емес, вербалды және бейвербалды ақпаратты бір мезгілде өңдеуге негізделген дербес тілдік-танымдық дағды ретінде қарастырылды. Эксперимент нәтижелері кино дискурсы негізінде ұйымдастырылған оқытудың білім алушылардың тілдік дамуына кешенді әсер еткенін көрсетті. Атап айтқанда, білім алушылардың сөздік қоры сапалық және функционалдық тұрғыда кеңейіп, меңгерілген лексикалық бірліктердің сөйлеу әрекетінде белсенді қолданылғаны байқалды. Сонымен қатар сөйлеу белсенділігі мен коммуникативтік сенімділік деңгейінің артқаны, тыңдалым мен айтылым дағдыларының сапалық көрсеткіштерінің жақсарғаны анықталды. Кино материалдары арқылы ұсынылған ұлттық-мәдени мазмұн білім алушылардың тілдік ақпаратты мәдени контексте қабылдауына ықпал етіп, олардың дүниетанымдық көкжиегін кеңейткені байқалды. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі: Зерттеу нәтижелері кино дискурсының қазақ тілін оқыту әдістемесінде дербес және жүйелі лингводидактикалық категория ретінде қарастырылу мүмкіндігін көрсетті. Оның тілдік материалды табиғи коммуникативтік ортада ұсыну, ұлттық-мәдени мазмұнды контексте меңгерту және білім алушының когнитивтік қабылдау ерекшеліктеріне бейімделу сияқты қырлары кешенді түрде айқындалды. Осы үдерісте аудиовизуалды қабылдау тыңдалым мен көру әрекеттерінің қосындысы деңгейінде емес, вербалды және бейвербалды ақпаратты бір мезгілде өңдеуге негізделген дербес тілдік-танымдық дағды ретінде нақтыланды. Бұл тұжырым кино дискурсы аясында тілдік бірліктің мағынасы тек сөз арқылы емес, интонация, мимика, қимыл-қозғалыс және жағдаяттық контекст арқылы толық ашылатынын көрсететін нақты деректермен толықтырылды. Сонымен қатар зерттеу барысында кино дискурсына негізделген қазақ тілін оқытудың авторлық әдістемелік моделі әзірленіп, оның құрылымдық және мазмұндық компоненттері жүйеленді. Бұл модель Т1 және Т2 аудиторияларының тілдік деңгейі мен қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып сараланып, әртүрлі оқу жағдайларында бейімделіп қолдануға мүмкіндік беретіні тәжірибе жүзінде көрінді. Ұсынылған әдістеме аясында жаттығулар жүйесі мен модульдік бағдарлама құрылып, олардың тілдік дағдыларды кешенді дамытуға бағытталғаны, сондай-ақ білім алушылардың коммуникативтік белсенділігін арттыруға ықпал ететіні эксперимент нәтижелері арқылы нақтыланды. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі: Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған стратегиялық құжаттар мен басым бағыттар аясында өзектілігін нақты көрсетті. Атап айтқанда, ұсынылған әдістеме білім беруді цифрландыру үдерісімен мазмұндық тұрғыда ұштасып, оқытуда аудиовизуалды контентті жүйелі пайдаланудың ғылыми негізделген жолдарын ұсынды. Кино дискурсын оқу үдерісіне енгізу білім алушылардың ақпаратты қабылдауын дәстүрлі мәтіндік форматтан көпарналы, интегративті қабылдауға көшіру арқылы қазіргі цифрлық орта талаптарына бейімделген оқыту моделін қалыптастыруға мүмкіндік беретіні тәжірибе барысында көрінді. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы келесідей: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміндегі журналға жарияланған мақалалар – 4: 1. Қазақ тілін кинофильмдер арқылы оқытудың әдістемелік негіздері // Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы. – 2020. - №3. – Б. 203-210. Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 2. Кино дискурсы негізінде білім алушылардың жазылым дағдысын дамыту // Торайғыров университетінің Хабаршысы. – 2022. – №4. – Б. 21-30. Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 3. Тілдік пәндерді оқытуда кино дискурсын қолданудың артықшылықтары // Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – 2022. – №4(108). – Б. 78-84. Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 4. Moral education of primary school students through cartoons // Bulletin of Ablai Khan KazUIRandWL. Series “Pedagogical Sciences” – 2025. – №3 (78). – Р. 501-512. (Авторлық бірлестікте: Tuleutemirova A.A., Assenova N.S.) Докторанттың қосқан үлесі – 70%. Scopus деректер базасына енетін импакт факторлы басылымда шыққан мақалалар – 3: 1. The linguocultural aspect of language teaching based on the linguistic picture of the world in films // Sci Herald Uzhhorod Univ Ser Phys. – 2024. - №55. – Р. 307-316. (Авторлық бірлестікте: Sarekenova K.K., Sutzhanov S.N., Ashenova A.T., Tuyakbayeva R.R.) Докторанттың қосқан үлесі – 60%. 2. Effects of online learning and digital conversation-based activities on the transfer of cultural values in language and literature classes // International Journal of Education in Mathematics, Science, and Technology. – 2023. – №11(2). – Р. 471-492. (Авторлық бірлестікте: Sarekenova K., Aimukhambet Z., Malikov K., Salikzhanova S., Zhylkybay G.) Докторанттың қосқан үлесі – 30%. 3. Exploring the New Role of Mythologems in Shaping National Identity and Digital Discourse in Kazakhstani Communications // International Journal of Society, Culture & Language. – 2024. - №12(3). – Р. 224-240. (Авторлық бірлестікте: Yergaliyeva S., Yergaliyev K., Sarybayeva B., Melnik N., Uaikhanova M.) Докторанттың қосқан үлесі – 30%. Халықаралық конферециялар жинақтарында жарияланған мақалалар – 8: 1. Language features in modern kazakh cartoons [Қазіргі қазақ мультфильмдеріндегі тілдік ерекшеліктер] // International congress of kazakhs history, culture and language (Ankara, 2021 – P. 218-223). Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 2. Тілдік пәндерді оқытуда кинофильмдерді қолданудың психологиялық негіздері // Ахмет Байтұрсынұлы оқулары-2019. «Ғасырлар тоғысындағы руханият мәселелері»: халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары (Нұр-Сұлтан: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2020. – Б. 199-202). Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 3. Кино дискурсы негізінде тіл үйренушілердің жазылым дағдыларын жетілдіру // Актуальные научные исследования в современном мире. – 2021. – Вып. 2(70), ч. 6 – С. 43-37. Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 4. Қазақ тілін оқытуда кинофильмдерді қолданудың лингводидактикалық мүмкіндіктері // Зерттеу университеті жолында ғылым мен білімнің даму болашағы: жас педагог-ғалымдардың заманауи көзқарасы: Қазақстан жас педагог-ғалымдарының қауымдастығының І халықаралық вебинар материалдары. Бірінші басылым (Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2020. – Б. 122-127). Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 5. Лингводидактические возможности использования кинофильмов в обучении казахскому языку // Духовный мир мусульманских народов: материалы международной научно-практической конференции (XVI Акмуллинские чтения) (Уфа, 2021. – С. 149-154). Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 6. Білім беру үдерісіндегі кино дискурсы жəне онымен іргелес ұғымдар // «Қазіргі білім беру жүйесінің заманауи контексі жағдайында Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беруі»: 2021 жылдың 19 ақпандағы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция материалдары (Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, 2021. – Б. 317-322). Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 7. Тілдік пәндерді оқытуда кинофильмдерді қолданудың тиімділігі // «Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі» жас ғалымдардың XIII Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарының жинағы (Тараз, 2019. – Т. 2. – Б. 159-161). Докторанттың қосқан үлесі – 100%. 8. Кинофильмдердегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер арқылы ұлттық-мәдени дискурс ерекшеліктерін меңгеру // “Қазіргі филологиялық білім беру кеңістігіндегі интеграциялық үдеріс: педагогикалық трендтер мен полипарадигматикалық ұстанымдар” атты халықаралық конференция материалдары (Көкшетау, 2025. – Б. 235-240). Докторанттың қосқан үлесі – 100%. Оқу-əдістемелік құрал – 1. 1. Кино дискурсы арқылы қазақ тілін оқытуға арналған жаттығулар жүйесі (B2-C1 деңгейлері): оқу-әдістемелік құрал. – Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, 2026. – 35 б. (Авторлық бірлестікте: А.А. Букаева) Докторанттың қосқан үлесі – 70%.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
