
AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар

Құрметті студенттер!
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі IT-мамандарды, аналитиктерді, бағдарламашыларды және жасанды интеллект саласының сарапшыларын AFM AI Hackathon 2026 байқауына қатысуға шақырады.
AFM AI Hackathon 2026 - жасанды интеллект, кибер қауіпсіздік және деректерді талдау салаларындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналған ауқымды жарыс.
Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткізіліп, экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауи цифрлық құралдарды әзірлеуді мақсат етеді.
Өтетін күні: 2026 жылғы 24–25 маусым
Өтетін орны: Farabi Hub (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласы)
Жалпы жүлде қоры: 6 000 000 теңге
Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын келесі үш бағыт бойынша сынай алады:
Digital Shadow - көлеңкелі интернетті бақылау және ашық дереккөздерден ақпарат жинау (OSINT);
AI Shield –-деректер қорларын қорғау және кибер қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект алгоритмдерін әзірлеу;
AI Media Watch - әлеуметтік желілердегі заңсыз ойын бизнесі мен қаржылық пирамидалардың белгілерін анықтау.
Толық ақпарат алып, тіркелу үшін: qmahackaton.kz сайтына кіріңіздер.
