
«8D04201 - Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нұридин Сандуғаш Нұридинқызы диссертациясын қорғауы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нұридин Сандуғаш Нұридинқызы «8D04201 – Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша «Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Рахимова Гакку Нұрланқызы-Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық Институтының құқықтану кафедрасының аға оқытушысы, (PhD) докторы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Тлешалиев Нурлан Даулеткулович- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысы, PhD докторы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Селиверстов Вячеслав Иванович-заң ғылымдарының докторы, ММУ заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры. М. в. Ломоносова, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы )
Рахметов Саттар Муканович -Қазақстан Республикасы Заңнама Институтының қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамасы, сот сараптамасы бөлімінің бас ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Каражанов Малик Дулатович философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас инспекторы (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
Ғылыми кеңесшілері:
Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы
Букалерова Людмила Александровна
Қорғау 2026 жылғы 17 шілде, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04201 – Құқықтану» мамандығы бойынша «8D042 – Құқық» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3Rm8TB
Мекен-жайы: г. Астана, ул. К. Сатпаева, 2, Главный корпус, ауд. №302.
Аңдатпа (қаз.): Нұридин Сандуғаш Нуридинқызының 8D04201 «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының АННОТАЦИЯСЫ Диссертациялық зерттеуде шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды жүзеге асырудың теориялық және практикалық мәселелері қарастырылды, осы саладағы құқық қорғау органдары мен сот практикасының қызметіне баға бере отырып, оны ұйымдастырудың өзгешеліктерінен және ерекшеліктерінен туындаған мәселелер анықталды. Еліміздің Конституциясына, нормативтік құқықтық актілері мен бағдарламалық құжаттарына, сондай-ақ тарихи және халықаралық-құқықтық құжаттарға, қазақстандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми әзірлемелеріне, эмпирикалық материалдарға талдау жасап, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен тікелей жұмыс істейтін ішкі істер органдарының 1788 қызметкерінен, прокуратураның 86 қызметкерінен және 28 судьядан, сондай-ақ республиканың түрлі облыстарында жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 1814 адамнан арнайы әзірленген сұрақ-жауаптар бойынша сауалнама жүргізу негізінде алынған мәліметтерден уәкілетті органдардың құқық қолдану қызметінің тиімділігін арттыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды. Зерттеу объектісі ретінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты құқық қолдану қызметі барысында туындайтын қоғамдық-құқықтық қатынастар алынды. Зерттеу пәні – жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға қатысты құқық нормалары және оларды қолдану тәжірибесі, сонымен қатар, аталған институттың проблемалары. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанда қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, сот практикасы және құқық қорғау органдарының жұмысы негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың теориялық және практикалық аспектілерін кешенді талдау және ашу. Зерттеудің әдіснамалық базасы диалектикалық, тарихи, жүйелік талдау, логикалық, салыстыру, жалпылау, сауалнама сияқты жалпы ғылыми әдістер болды. Қылмыстық заңнаманы және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қалыптастыру кезеңдерін қарастыру кезінде; салыстырмалы-құқықтық-шетелдік тәжірибені зерделеу кезінде; логикалық, талдау және синтездеу-отандық құқықтық жүйенің нормаларын, ғалымдардың жарияланатын тақырып бойынша ұстанымдарын зерделеу кезінде тарихи-құқықтық әдіс пайдаланылды. Эмпирикалық бақылау әдістері және статистикалық әдістер сот және басқа құқық қолдану практикасын ашуда қолданылды. Сұрақ-жауап әдісімен жоғарыда аталған адамдарға сауалнама жүргізілді. Жұмыстың нәтижесі ретінде диссертант қолданыстағы заңнаманы, заңгер-ғалымдардың әртүрлі көзқарастарын талдау негізінде «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату» анықтамасын береді және оны ҚР ҚК-нің 3-бабына енгізуді ұсынады, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның сот оған жүктеген міндеттерді қасақана орындамауының мәні неде екендігі жөніндегі ұсынысты негіздейді. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 72-бабының 1, 2, 7 және 8-бөліктеріне және шетелдік тәжірибені, әлемдік тәжірибе мен ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, жазаны ізгілендіру және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында – ҚР ҚК-нің 44-бабына, 81-бабына және 86-бабына өзгерістер енгізуді және жаңа редакцияда беруді ұсынады. Бұдан басқа, «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» 2015 жылғы 2 қазандағы № 6 нормативтік қаулыға, атап айтқанда «түзету» ұғымын енгізудің орындылығы туралы және басқа да бірқатар өзгерістер енгізу негізделеді. Диссертант көптеген мәселелер бойынша өз көзқарасын білдіреді, соның ішінде: шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерді қарау кезіндегі сот шешімдерінің заңдылығы, негізділігі және әділдігі шеңберінде; жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына түзетулер енгізу қажеттілігі; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды профилактикалық бақылауды учаскелік полиция инспекторларының функцияларынан алып тастап, бұл құзыретті тек пробация қызметіне қалдыруды ұсынады, бұл екі қызметтің де жұмысында қайталауды болдырмайды және учаскелік полиция инспекторларының қызметтік жүктемесін жеңілдетеді; құқық бұзушылықтардың алдын алу және жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға, әсіресе кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бойынша еріктілер мен тіпті жастардың қатысуымен мемлекеттік, құқық қорғау органдарының, оның ішінде қоғамдық ұйымдардың қызметін жетілдіру жөніндегі шараларды көздеу; шетелдік практикалық тәжірибе негізінде отандық заң шығарушыға бір жыл мерзімге қайта бейімдеу шеңберінде жартылай еркіндік режимін қолдану мәселесін қарастыру, кейіннен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қылмыстық-құқықтық профилактикалық ықпал ету шарасы ретінде, қылмыстық репрессия шараларын үнемдеу тәсілі ретінде және кәмелетке толмаған сотталғандарға қолдану бойынша қылмыстық-құқықтық ықпал ету шарасы ретінде немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға балама ретінде қарастыру ұсынылады. Алынған қорытындылар, ұсыныстар мен ұсынымдар заң шығару процесінде, сот-тергеу органдарының практикалық қызметінде, сондай-ақ одан әрі ғылыми-зерттеу қызметінде, оның ішінде құқық қорғау қызметі мен құқықтану бойынша дайындық бағдарламалары жөніндегі оқу процесінде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
