
«8D01719 - Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Смагулова Мархаба Гайзоталлаевна диссертациясын қорғауы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Смагулова Мархаба Гайзоталлаевна «8D01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсының мазмұнын жетілдірудің ғылыми негіздері («Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы негізінде)» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Жетписбаева Бакытгуль Асылбековна – педагогика ғылымдарының я докторы, шетел тілдері кафедрасының профессоры, Astana IT University (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Каирбаева Акмарал Канатбековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел филологиясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент)(Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Нефедова Лилия Амиряновна – филология ғылымдарының докторы, профессор, лингвистика және аударма факультетінің деканы, «Челябі мемлекеттік университеті» ФМББМ ЖОО (Челябі қ., Ресей Федерациясы);
Кульгильдинова Тулебике Алимжановна – педагогика ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
Нурзия Абдикарим – филология ғылымдарының кандидаты, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-тың терминология бөлімінің басшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Булатбаева Құлжанат Нұрымжанқызы – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Білім беру институтының гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан).
Jule Böhmer – философия докторы (PhD), Гамбург университеті (Гамбург қ., Германия).
Қорғау 2026 жылғы 3 қазан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01719 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша «8D017 – Тілдер және әдебиет бойынша педагогтарды даярлау» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі аралас (оффлайн және онлайн) форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/87834520215?pwd=n0Bus0QYGjhbcHUeUoImaKJLUladti.1
Конференция ID: 878 3452 0215
Кіру коды: 613643
Мекен-жайы: Астана қ., Қ. Сәтбаев көшесі, 2, Бас ғимарат, Мәжіліс залы, № 302 ауд.
Аңдатпа (қаз.): Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғыртудың заманауи үдерістері жаңартылған білім беру мазмұны, цифрландыру және халықаралық білім беру ынтымақтастығының кеңеюі жағдайында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыра алатын болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіру қажеттілігін айқындайды. Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау жүйесінде «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсы ерекше маңызға ие, өйткені дәл осы курс болашақ педагогтің кәсіби-әдістемелік құзыреттілігін және заманауи білім беру үдерісін ұйымдастыруға дайындығын қалыптастырады. Шетел тілі мұғаліміне қойылатын қазіргі талаптар цифрлық білім беру технологияларын меңгеруді, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын, бағалаудың заманауи тәсілдерін, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру технологияларын және практикалық-бағдарланған оқыту әдістерін қолдануды көздейді. Сонымен қатар, әдістемелік даярлық курстарының мазмұнын талдау болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін толыққанды қалыптастыруға кедергі келтіретін бірқатар мазмұндық және ұйымдастырушылық-әдістемелік олқылықтардың бар екенін көрсетті. Зерттеудің өзектілігі сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңының, Педагогтің кәсіби стандартының, сондай-ақ тілдік білім беру және педагогтердің цифрлық құзыреттерін дамыту саласындағы халықаралық құжаттардың талаптарын іске асыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы аясында болашақ мұғалімдерді даярлау ерекшеліктерін ескере отырып, «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсының жаңартылған мазмұнын ғылыми негіздеу, әзірлеу және эксперименттік тұрғыдан тексеру (апробациялау). Зерттеу нысаны – жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік даярлау үдерісі. Зерттеу пәні – «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсы мазмұнын жетілдірудің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу болжамы – «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсының мазмұнын жетілдіру заманауи лингводидактикалық тәсілдерді, цифрлық технологияларды және практикалық-бағдарланған оқыту формаларын кіріктіру жағдайында болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік құзыреттілігінің деңгейін арттыруға ықпал етеді. Зерттеу міндеттері: 1. Үздіксіз педагогикалық білім беру контексінде, өзекті кәсіби стандарттар мен халықаралық ұсынымдарды ескере отырып, шетел тілі мұғалімін кәсіби даярлаудың теориялық, нормативтік және ғылыми-әдістемелік негіздерін талдау. 2. «Шетел тілі: екі шетел тілі (неміс тілі)» білім беру бағдарламасындағы қолданыстағы «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсының мазмұнын зерттеп, қазіргі кәсіби даярлық талаптары тұрғысынан оның мазмұндық және ұйымдастырушылық-әдістемелік олқылықтарын анықтау. 3. «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсы мазмұнын жетілдірудің ғылыми негіздерін ашып көрсету, оны іске асырудың қағидаттарын, құрылымын, компоненттері мен тетіктерін анықтау. 4. Заманауи әдістемелік тәсілдер, цифрлық технологиялар және практикалық-бағдарланған кәсіби даярлық формалары негізінде болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігіндегі олқылықтардың орнын толтыратын қосымша модульдерді әзірлеу және олардың тиімділігін эксперименттік тұрғыдан тексеру. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін жүйелілік, құзыреттілік, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы және аксиологиялық тәсілдердің қағидалары; педагогика, лингводидактика, шетел тілдерін оқыту әдістемесі, мәдениетаралық коммуникация және цифрлық білім беру салаларындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрады. Зерттеу әдістері: ғылыми әдебиеттер мен нормативтік құжаттарды талдау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау, ғылыми деректерді жүйелеу және жинақтау, сауалнама жүргізу, бақылау, педагогикалық эксперимент, SWOT-талдау, сондай-ақ математикалық статистика әдістері, оның ішінде Стьюденттің t-критерийі. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: – алғаш рет «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы үшін «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсы мазмұнын жетілдірудің қағидаттар жүйесін, құрылымын, компоненттері мен іске асыру тетіктерін қамтитын ғылыми негіздері теориялық тұрғыдан негізделді; – құзыреттілік, коммуникативтік-когнитивтік, мәдениетаралық, цифрлық және практикалық-бағдарланған тәсілдердің интеграциясына негізделген курс мазмұны әзірленді; – кәсіби-тұлғалық, әдістемелік, контекстік және инновациялық компоненттерді бөліп көрсету арқылы болашақ шетел тілі мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігінің құрылымы нақтыланды; – функционалдық сауаттылықты, мәдениетаралық құзыреттілікті, цифрлық дағдыларды және көптілді білім беру жағдайындағы кәсіби қызметке даярлықты дамытуға бағдарланған қағидаттар жүйесі ғылыми негізделді; – курс мазмұнының жаңартылған нұсқасының тиімділігі эксперименттік түрде дәлелденді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-әдістемелік даярлығының мазмұны туралы ғылыми түсініктерді кеңейтуде, әдістемелік құзыреттілік құрылымын нақтылауда және «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсын жетілдірудің ғылыми негіздерін айқындауда көрінеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде қолдануға болатын жаңартылған курс мазмұнын әзірлеу мен апробациялаудан тұрады. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар: 1. «Шетел тілін оқыту әдістемесі» курсының мазмұны құзыреттілік, іс-әрекеттік, коммуникативтік-когнитивтік, мәдениетаралық, практикалық-бағдарланған және цифрлық тәсілдердің интеграциясы негізінде жетілдірілуі тиіс. 2. Қолданыстағы курс мазмұны қазіргі мектептің өзекті кәсіби міндеттерін шешуге жеткілікті деңгейде бағдарланбаған. 3. Курсты жетілдірудің ғылыми негіздері кәсіби-әдістемелік даярлықтың қағидаттар жүйесін, құрылымы мен компоненттерін қамтиды. 4. Әдістемелік құзыреттіліктің кәсіби-тұлғалық, әдістемелік, контекстік және инновациялық компоненттеріне негізделген жаңартылған мазмұн әзірленіп, эксперименттік тұрғыдан сынақтан өткізілді. Эксперименттік жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында жүргізілді. Зерттеуге «Шетел тілі: екі шетел тілі (неміс тілі)» білім беру бағдарламасының 41 студенті қатысты. Эксперимент анықтау, қалыптастыру және бақылау кезеңдерінен тұрды. Зерттеу нәтижелерінің жариялануы мен апробациясы – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында (2022–2023 жж.) әзірленген педагогтерді тәуелсіз стандарттауға арналған «Типовое содержание профессиональной компетентности педагога как основа стандартизации непрерывного образования» атты әдістемелік нұсқаулықты дайындауға қатысу (А қосымшасы); – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында әзірленген Стандарта обучения языкам құжатын қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдарды дайындауға қатысу (А қосымшасы); – халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен форумларда зерттеу нәтижелерін баяндау: Үштілділік қазіргі білім берудің басымдықтарының бірі ретінде// «Заманауи лингводидактика және үштілді білім беруді дамыту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2022. – 419 б.; Шетел тілін оқыту әдістемесі мазмұнын жаңарту// Халықаралық ғылыми конференция жинағы. Тіларалық интеграция, лингвистикалық және лингводидактикалық зерттеулердің мәселелері. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2023 ж.; Жас шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік даярлығындағы олқылықтар// Качество педагогического образования в условиях современных вызовов: сборник научных трудов IX Международного форума по педагогическому образованию (Қазан, 24–26 мамыр 2023 ж.). Издательство Казанского университета, 2023. – Ч. II. – 555 с. – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда мақалалар жариялау: Қазақстан мектептеріндегі неміс тілі: пән мазмұны және оны жетілдіру аспектілері // Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана, серия «Педагогические науки», №3 (70), 2023; Тілдік пәндер бойынша ішкі және сыртқы бағалаудың бірыңғай мазмұнын іске асыру жолдары (мұғалімдердің дайындығы)// Bilim-Образование Научно-педагогический журнал, №2 (113), 2025; Оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытудағы оқудың рөлі» // Известия КазУМОиМЯ имени Абылай хана, серия «Педагогические науки», №3 (78), 2025; Болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық негіздері // Scientific Journal of Pedagogy and Economics, №5 (418), 2025. – Scopus/WoS дерекқорларында индекстелетін журналда мақала жариялау: Supporting multilingual education with computer aided instruction applications // International Journal of Education in Mathematics, Science, and Technology (IJEMST), 11(4), 2023. – P. 927–945.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
