
«8D07113 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Дуйсембаева Бакытжамал Шариповна диссертациясын қорғауы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Дуйсембаева Бакытжамал Шариповна «8D07113 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша «Рельстік жол мен жылжымалы құрамның өзара әсерлесу процесcін зерттеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Көлік инженериясы кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде
Ресми рецензенттер:
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Ғылыми кеңесшілері:
Тогизбаева Баглан Болсынова – техника ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Көлік инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, профессор.
Баташов Сергей Иванович – техника ғылымдарының кандидаты, Ресей көлік университетінің «Тартқыш жылжымалы құрам» кафедрасының доценті, Мәскеу қ., Ресей.
Қорғау 2026 жылғы 24 тамыз, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D07113 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша «8D071 – Инженерия және инженерлік іс» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://teams.microsoft.com/meet/48348148085267?p=Gd8CPh0txGDN113ddt
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан к.,13, Мәжіліс залы (№133 ауд.).
Аңдатпа (қаз.): АҢДАТПА Дүйсембаева Бақытжамал Шариповнаның « Рельстік жол мен жылжымалы құрамның өзара әсерлесу процесін зерттеу» тақырыбындағы, 8D07113 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертациялық жұмысына. Диссертациялық зерттеудің мақсаты Диссертациялық зерттеудің мақсаты – рельстік жолдың геометриялық бұдырларын, олардың ықтималдық сипаттамаларын, спектрлік қасиеттерін және теміржол көлігінің сенімділігіне, қауіпсіздігіне әрі қозғалыс жайлылығына әсерін ескере отырып, «рельстік жол – жылжымалы құрам» жүйесінің динамикалық өзара әсерлесуін бағалауға арналған ғылыми негізделген модельдер, әдістер мен алгоритмдер әзірлеу. Зерттеудің міндеттері 1. Рельстік жол мен жылжымалы құрамның өзара әсерлесуін бағалау бойынша қолданыстағы тәсілдерге және жолдың геометриялық бұдырларын есепке алу әдістеріне талдау жүргізу. 2. Рельстік жолдың тік бұдырларының сипаттамаларын, олардың жіктелуін, спектрлік қасиеттерін және жылжымалы құрам қозғалысының динамикалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу. 3. Жолдың нақты техникалық жай-күйін ескере отырып, рельстік жолдың кездейсоқ және құрамдас бұдырларының параметрлерін сипаттайтын ықтималдық модельдерін әзірлеу. 4. Өлшеу ақпаратын талдау және бейнелерді тану әдістері негізінде бұдырларды автоматтандырылған жіктеу әдістерін ұсыну. 5. КВЛ-П 2,0 жол өлшеу вагонының деректері бойынша жолдың геометриялық параметрлерінің авторегрессиялық модельдерін құру. 6. Берілген амплитудадағы құрамдас просадкаларды бөліп көрсету және олардың жол мен жылжымалы құрамның динамикалық өзара әсерлесуіне ықпалын бағалау алгоритмін әзірлеу. 7. Радиусы 290 м және 600 м қисық учаскелерді қоса алғанда, ТЭ-33А тепловозын пайдалану арқылы әзірленген модельдерге эксперименттік тексеру жүргізу. 8. Әзірленген алгоритмдерді жол өлшеу вагонының деректерін өңдейтін бағдарламалық құралдарға енгізу мүмкіндігін негіздеу. Зерттеу әдістері Жұмыста жылжымалы құрам динамикасы теориясының, кездейсоқ процестер теориясының, спектрлік талдаудың, математикалық модельдеудің, эксперименттік деректерді статистикалық өңдеудің, авторегрессиялық модельдеудің, бейнелерді танудың, кумулятивтік қосындылар алгоритмдерінің әдістері, сондай-ақ «жол – жылжымалы құрам» жүйесінің динамикалық өзара әсерлесуін эксперименттік тексеру әдістері қолданылды. Нәтижелерді өңдеу үшін КВЛ-П 2,0 жол өлшеу вагонының деректері, ТЭ-33А тепловозының натурлық сынақ нәтижелері және рельстік жолдың геометриялық жай-күйі жөніндегі өлшеу ақпараты пайдаланылды. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар 1. Рельстік жолдың кездейсоқ және құрамдас бұдырларын, олардың спектрлік және статистикалық сипаттамаларын ескеретін геометриялық бұдырлардың кешенді ықтималдық моделі. 2. Тік бұдырлардың спектрлік сипаттамалары негізінде «рельстік жол – жылжымалы құрам» жүйесінің динамикалық өзара әсерлесуін бағалау әдістемесі. 3. Жол өлшеу вагоны деректері бойынша рельстік жол бұдырларын автоматтандырылған жіктеу және бөліп көрсету алгоритмдері. 4. Жолдың жай-күйін бағалауға және техникалық жай-күйі нашарлаған учаскелерді анықтауға мүмкіндік беретін жолдың геометриялық параметрлері өзгерісінің авторегрессиялық модельдері. 5. Кумулятивтік қосындылар әдісі негізінде жол бұдырларының статистикалық сипаттамаларының өзгеру сәтін анықтау алгоритмі. 6. Өлшеу ақпаратын өңдеу және рельстік жолдың жай-күйін автоматтандырылған диагностикалау үшін бағдарламалық-алгоритмдік қамтамасыз ету. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы Диссертациялық жұмыста рельстік жолдың тік бұдырларының спектрлік тығыздық моделі әзірленді, бейнелерді тану әдістері негізінде бұдырларды жіктеу ұсынылды, жол бұдырларының параметрлері мен жылжымалы құрамның рельстік жолмен динамикалық өзара әсерлесу көрсеткіштері арасындағы байланыс анықталды. Теміржол жолының кездейсоқ және құрамдас бұдырларының ықтималдық модельдері әзірленді, әртүрлі радиустағы қисық учаскелерде модельдердің адекваттылығына эксперименттік тексеру жүргізілді, КВЛ-П 2,0 жол өлшеу вагонының деректері бойынша жолдың геометриялық параметрлерінің авторегрессиялық модельдері құрылды. Жол бұдырларының статистикалық сипаттамаларының өзгеруін анықтау, берілген амплитудадағы құрамдас просадкаларды бөліп көрсету және олардың жол мен жылжымалы құрамның динамикалық өзара әсерлесуіне ықпалын бағалау алгоритмдері ұсынылды. Әзірленген алгоритмдерді жол өлшеу вагонының борттық ЭЕМ-іне енгізу арқылы жолдың жай-күйін автоматтандырылған диагностикалау мүмкіндігі көрсетілді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығын негіздеу Зерттеудің ғылыми жаңалығы рельстік жол мен жылжымалы құрамның өзара әсерлесуін бағалауға арналған, жолдың геометриялық бұдырларының ықтималдық, спектрлік және статистикалық сипаттамаларын бірлесіп ескеретін кешенді тәсілді әзірлеумен сипатталады. Дәстүрлі тәсілдерден айырмашылығы, бұл жұмыста рельстік жол бұдырлары жеке геометриялық ауытқулар ретінде ғана емес, сонымен қатар жылжымалы құрам қозғалысының динамикалық көрсеткіштеріне әсер ететін кездейсоқ процесс ретінде қарастырылды. Бұл жолдың техникалық жай-күйін диагностикалау сенімділігін арттыруға және қолайсыз параметрлері бар учаскелерді анықтау әдістерін негіздеуге мүмкіндік берді. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды жол өлшеу вагондарының деректерін автоматтандырылған өңдеуде, теміржол жолының жай-күйін диагностикалауда, қауіпті учаскелерді болжауда, пойыздар қозғалысының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруда, сондай-ақ жолды техникалық күтіп ұстау және жөндеу іс-шараларын жоспарлауда қолдану мүмкіндігімен айқындалады. Ғылымды дамыту бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі Диссертациялық жұмыс көлік ғылымын дамыту, теміржол инфрақұрылымын диагностикалауды цифрландыру, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және теміржол көлігін сенімді пайдалану бағыттарына сәйкес келеді. Алынған нәтижелер теміржол жолының техникалық жай-күйін мониторингтеу және бағалау әдістерін жетілдіруге бағытталған, бұл Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесін дамыту, теміржол инфрақұрылымын пайдалану тиімділігін арттыру және жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету міндеттерімен үйлеседі. Ізденушінің жарияланымдарды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелері 6 ғылыми еңбекте көрініс тапты, оның ішінде Web of Science Core Collection / Scopus базаларында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдардағы мақалалар, уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалар және халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары бар. Ізденушінің жеке үлесі ғылыми мәселені қоюдан, рельстік жол мен жылжымалы құрамның өзара әсерлесуі бойынша отандық және шетелдік зерттеулерді талдаудан, жолдың геометриялық бұдырларын өлшеу және бағалау әдістерін жүйелеуден, теміржол жолының тік бұдырларының ықтималдық және спектрлік модельдерін әзірлеуден, сондай-ақ оларды жіктеу әдістерін негіздеуден тұрады. Ізденуші эксперименттік және өлшеу деректерін өңдеп, түсіндірді, жолдың геометриялық параметрлерінің жылжымалы құрам мен рельстік жолдың динамикалық өзара әсерлесуіне ықпалын талдады, негізгі ғылыми қорытындылар мен практикалық ұсыныстарды тұжырымдады. Сонымен қатар ізденуші ғылыми жарияланымдардың мәтіндерін дайындауға, зерттеу нәтижелерін рәсімдеуге, алынған деректерді бірлескен авторлармен талқылауға және материалдарды жариялауға дайындау барысында оларды пысықтауға тікелей қатысты. Бірлескен авторлар мен ғылыми консультанттар жекелеген теориялық қағидаларды талқылауға, әдістемелік тәсілдерді нақтылауға, ғылыми кеңес беруге және материалдарды редакциялауға қатысты. Диссертациялық зерттеу тақырыбына қатысты негізгі нәтижелер ізденушінің тікелей қатысуымен алынды.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
