
ENU Graduate School of Business MBA, EMBA және DBA бағдарламаларының тыңдаушыларына 11–13 қыркүйегінде өтетін «Зерттеу әдіснамасы мен әдістері» (Research Methods) қарқынды модулі туралы хабарлайды.

Модульді Oxford Brookes University Business School-дың (Ұлыбритания, Оксфорд) аға оқытушысы, PhD докторы Санат Кожахмет жүргізеді. Ол Advance HE ұйымының Fellow of the Higher Education Academy (FHEA) мәртебесінің иегері, Scopus базасында индекстелген (Q1 квартилі) рецензияланатын журналдарда бірқатар ғылыми жарияланымдардың авторы, сондай-ақ Ұлыбритания мен Орталық Азия елдерінде PhD зерттеулеріне ғылыми жетекшілік етеді.
Үш күндік модуль аяқталғаннан кейін тыңдаушылар зерттеу мәселесі мен зерттеу сұрақтарын тұжырымдауды, зерттеу әдіснамасы мен дизайнын таңдауды негіздеуді, бизнес-деректерді талдаудың сандық және сапалық әдістерін қолдануды, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін академиялық та, қолданбалы да салаларға сай деңгейде түсіндіру мен таныстыруды меңгереді.
