
2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау басталды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына конкурстық іріктеудің басталғанын хабарлайды. Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында білім алу үшін екі негізгі бағдарлама ұсынылады: «ENU Students Ambassadors» және «Өзін-өзі қаржыландыру».
Бағдарламалар туралы
«ENU Students Ambassadors» — халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және дарынды жастарды қолдауға бағытталған ЕҰУ-дың стратегиялық бастамасы. Конкурстық іріктеу жеңімпаздары шетелде бір семестр бойы білім алуға біржолғы қаржылай қолдау алып, университеттің ресми амбассадоры ретінде өкілдік ету мүмкіндігіне ие болады.
«Өзін-өзі қаржыландыру» — шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен екіжақты келісімдер шеңберінде білім алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. Көптеген қабылдаушы университеттерде оқу тегін ұсынылады, ал жол жүру, тұру, тамақтану, виза және сақтандыру шығындарын қатысушылар өздері өтейді.
Бағдарламалардың артықшылықтары
Шетелдік беделді университеттерде білім алу;
Халықаралық білім беру және ғылыми ортаға интеграциялану;
Шет тілдерін меңгеру деңгейін арттыру және кәсіби байланыстар желісін кеңейту;
Жеке тұлғалық өсу және мәдениетаралық тәжірибе жинақтау.
Қатысушыларға қойылатын талаптар
Білім алушылардың санаттары:
Бакалавриат: 1, 2, 3 курс студенттері (сондай-ақ 5 жылдық оқу мерзімі бойынша 4 курс);
Магистратура: 1 курс білім алушылары;
Докторантура: 1–2 курс докторанттары.
Іріктеу критерийлері:
Академикалық үлгерім: GPA 2.67 және одан жоғары;
Тілдік құзыреттілік: Жарамды тілдік сертификаттың болуы (IELTS 5.0+, TOEFL 35+, ENU Test B2, HSK 4, TOPIK 4 және т.б. — қабылдаушы жоғары оқу орнының талаптарына сәйкес).
Қажетті құжаттар пакеті
Үш тілдегі транскрипт: «Platonus» ААЖ арқылы өз бетінше тапсырыс беріледі (QR-кодтың немесе мөр мен қолдың болуы міндетті).
Тілдік сертификат: серіктес ЖОО талаптарына сәйкес шет тілін меңгеру деңгейін растайтын ресми құжат.
Шетелдік паспорт: шетелде жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат.
Деректерді өңдеуге келісім-өтініш: үміткердің өзі толтырған және қол қойған құжаты.
Құжаттарды тапсыру мерзімдері
Жалпы өтінім қабылдау кезеңі:
14.09.2026 – 13.10.2026 (қоса алғанда)
Кейбір серіктес жоғары оқу орындары бойынша шектеулі (ерте) дедлайндар:
Sejong University: 14.09.2026 – 23.09.2026 (қоса алғанда)
University of Macau: 14.09.2026 – 27.09.2026 (қоса алғанда)
University of Tsukuba: 14.09.2026 – 28.09.2026 (қоса алғанда)
Hong Kong Baptist University (HKBU): 14.09.2026 – 29.09.2026 (қоса алғанда)
Жоғары экономика мектебі (Санкт-Петербург қ.): 14.09.2026 – 29.09.2026 (қоса алғанда)
Пайдалы сілтемелер мен өтінім беру нұсқаулығы
Назар аударыңыз: өтінім тек бір таңдалған бағдарламаға және бір жоғары оқу орнына беріледі.
Барлық құжаттар мен материалдар: https://drive.google.com/drive/folders/12pdjLFhpmbMZWpzZjFeX1naDBhycb-gg?usp=drive_link
«ENU Students Ambassadors» бағдарламасы:
Қолжетімді серіктес ЖОО-лар тізімі: https://docs.google.com/spreadsheets/d/19PfBAtymCCwPM7LPBPJqee8e9ijHzR_p/edit?usp=drive_link&ouid=115798636562327400928&rtpof=true&sd=true
Құжаттарды дайындау жадынамасы: https://drive.google.com/file/d/1FNAgpzM8wDDNJuMMur2nDbz5Q3SHEVR9/view?usp=drive_link
Өтінім беру бойынша бейненұсқаулық: https://drive.google.com/file/d/1Md-hXw8RmV3EPLvJwoMcFX3XpG1RbTeL/view?usp=drive_link
Деректерді өңдеуге келісім формасы: https://docs.google.com/document/d/1CMTdyK-yAaRDTLVgJbo9cW6bqQaCfcTb/edit?usp=drive_link&ouid=115798636562327400928&rtpof=true&sd=true
«Өзін-өзі қаржыландыру» бағдарламасы:
Қолжетімді серіктес ЖОО-лар тізімі: https://docs.google.com/spreadsheets/d/1V3_QPde3FQCZcS-O2NJvnb96oPeQ9v-_/edit?usp=drive_link&ouid=115798636562327400928&rtpof=true&sd=true
Құжаттарды дайындау жадынамасы: https://drive.google.com/file/d/18JEcWzYuAnnDnzXJ9n3tiXjsDnmgh1Fn/view?usp=drive_link
Өтінім беру бойынша бейненұсқаулық: https://drive.google.com/file/d/1a1w5CVJcjO9e-m2IZMs0WuYw4U5OPbe_/view?usp=drive_link
Деректерді өңдеуге келісім формасы: https://docs.google.com/document/d/1ECJNZrtj3IBFC61dox_xiA0lX0mP28ML/edit?usp=drive_link&ouid=115798636562327400928&rtpof=true&sd=true
