
ENU Graduate School of Business директоры университетті БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы Ғылыми саммитте таныстырды

ENU Graduate School of Business директоры Армияш Нұрмағамбетова ұйымдастырушылардың шақыруымен ICESCO Science Summit сессиясына және ICESCO мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырған ғылыми дипломатия және жаһандық ынтымақтастық жөніндегі бірінші жоғары деңгейдегі Диалогқа (Нью-Йорк, 2026 жылғы 21–22 қыркүйек) қатысты.
Диалог қорытындысы бойынша қатысушылар «Инклюзивті жаһандық даму мүддесіндегі ғылыми дипломатия туралы Нью-Йорк декларациясын» қабылдады.
Нью-Йоркте болу бағдарламасы аясында А. Нұрмағамбетова Халықаралық білім беру институтының (Institute of International Education, IIE) президенті Jason Czyz-бен және Орталық Азиядағы академиялық алмасу мен экономикалық білім беруді қолдау бағдарламаларын жүзеге асыратын халықаралық ұйым CERGE-EI Foundation президенті Tony Claudino-мен өткен кездесулерге қатысты.
ENU Graduate School of Business-тың саммитке қатысуы мектептің академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және жетекші халықаралық институттармен серіктестік орнату бойынша жаңа мүмкіндіктер ашады.
