
ENU Graduate School of Business-те EMBA бағдарламалары тыңдаушыларының магистрлік диссертацияларын қорғау сәтті өтті
19.06.2026 22
18–19 маусымда ENU Graduate School of Business-те EMBA «Стратегиялық менеджмент» және EMBA «Көшбасшылық және корпоративтік басқару» бағдарламалары тыңдаушыларының магистрлік диссертацияларын қорғау сәтті өтті.
Бұл қажырлы еңбектің, кәсіби өсудің және жаңа білімге ұмтылудың нәтижесі болған маңызды кезең. Тыңдаушылар өз зерттеулерінің нәтижелерін лайықты түрде таныстырып, жоғары деңгейдегі дайындықты, жобалардың практикалық маңыздылығын және көшбасшылық құзыреттілікті көрсетті.
ENU Graduate School of Business ұжымы түлектерді сәтті қорғағанымен құттықтайды және одан әрі кәсіби жетістіктер, батыл шешімдер мен жаңа мансаптық белестер тілейді.
Жауапты тұлға:Нурмагамбетова Армияш Иргебековна
Бөлісу:
