
ENU ENU Graduate School of Business-тің жаңа бағдарламаларын таныстырды

ENU Eklore School of Management және Ұлттық корпоративтік басқару академиясымен (NACG) ынтымақтастықта «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында жаңа білім беру бағдарламаларын таныстырды.
Іс-шараны ресми түрде ENU Graduate School of Business директоры Армияш Нұрмағанбетова ашып, болашақ бизнес көшбасшыларын даярлауда халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибеге бағытталған тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Халықаралық әріптестік пен отандық тәжірибенің синергиясы тыңдаушыларға қос диплом алуға, әлемдік нарықта сұранысқа ие құзыреттерді меңгеруге және теорияны тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара аясында Eklore School of Management халықаралық бағдарламалар директоры Улисс Уврие (Ulysse Ouvrieu) мен NACG ректоры Бақытжан Әбдірайым ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Іс-шара ҚХҚО базасында ENU Business School кеңсесінің салтанатты ашылуымен аяқталды.
