
Астана» халықаралық қаржы орталығында ENU Graduate School of Business ұйымдастырған MBA, EMBA және DBA бағдарламалары тыңдаушылары үшін Orientation Days өтті
25-26 қазанда «Астана» халықаралық қаржы орталығында Ұлттық корпоративтік басқару академиясымен (NACG) бірлесіп, MBA, EMBA және DBA бағдарламалары тыңдаушылары үшін Orientation Days өтті.
Екі күн ішінде қатысушылар оқу мүмкіндіктерімен және бағдарламаның негізгі бағыттарымен танысты.
Құттықтау сөзбен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Бахытбекұлы Есекеев сөз сөйлеп, жаңа буын басшыларын даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның ерекше сәті бизнес-психолог Руслан Бисенғалиевтің «Энергия. Команда. Синергия» авторлық сессиясы болды. Қатысушылар топтық динамика, көшбасшылық және мотивация практикаларына енді, жоғары жауапкершілік пен өзгерістер жағдайында тиімді жұмыс істеу құралдарын алды.
