
«8D04102 - Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Урекешова Асем Бактыбайкызы диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Урекешова Асем Бактыбайкызы «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «Қазақстанның цифрлық экономикасының қалыптасу жағдайындағы еңбек нарығының дамуы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі - орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Бекжанова Тоты Калжановна – экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Esil University «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Байтуова Лаура Толегетаевна – PhD докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Бизнес және цифрлық технологиялар» институтының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Кочербаева Айнура Анатольевна – экономика ғылымдарының докторы, Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің «Менеджмент» кафедрасының профессоры (Бішкек қ., Қырғыз Республикасы).
Калиева Сауле Ауганбаевна – экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика институты (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Галиева Алма Хаирбулдиновна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Esil University «Экономика» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Рахметулина Жибек Берлибековна – экономика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Дубина Игорь Николаевич – экономика ғылымдарының докторы, Алтай мемлекеттік университеті, «Экономика және эконометрика» кафедрасының профессоры (Барнаул қ., Ресей Федерациясы)
Қорғау 2026 жылғы 21 желтоқсан, сағат 10:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D04102 – Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша «8D041 – Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі офлайн және онлайн форматта өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/3X5uoT
Мекен-жайы: Астана қ., Қажымұқан, 11, №517 ауд. (ОЗК)
Аңдатпа (қаз.): Урекешова Асем Бактыбайкызының 8D04102 – «Экономика» Білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алуға ұсынылған «Қазақстанның цифрлық экономикасының қалыптасу жағдайындағы еңбек нарығының дамуы» диссертациялық жұмысы Диссертациялық зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасының еңбек нарығын цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында дамытуға қатысты теориялық-әдістемелік ережелерді жетілдіру, экономикалық-математикалық модель әзірлеу және практикалық ұсынымдарды негіздеу болып табылады. Зерттеу міндеттері 1. Еңбек нарығын зерттеудің теориялық тәсілдерін талдау және жинақтау, цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында оның ұғымдық-категориялық аппаратын нақтылау. 2. Көрсеткіштер жүйесін, ақпараттық базаны қалыптастыру қағидаттарын және сандық бағалау құралдарын қамтитын Қазақстанның еңбек нарығының дамуын зерттеудің әдістемелік тәсілін қалыптастыру. 3. Қазақстан Республикасы еңбек нарығының жай-күйі мен серпінін талдау, жұмыспен қамтудың, жұмыссыздықтың және еңбекке сұраныстың өзгеруіне әсер ететін негізгі макроэкономикалық және құрылымдық факторларды анықтау. 4. Цифрлық даму мен еңбек нарығының өзара байланысының экономикалық-математикалық модельдер кешенін әзірлеу, анықталған тәуелділіктерге сандық бағалау жүргізу және 2030 жылға дейінгі жұмыспен қамту серпінінің шартты болжамдық-сценарийлік түсіндірмесін қалыптастыру. 5. «Digital Labor Market KZ» платформасы негізінде еңбек нарығын цифрлық мониторингтеу және талдамалық диагностикалау жөніндегі шешімдерді әзірлеу және ұсыну. 6. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында дамыту бойынша практикалық ұсынымдар мен ұйымдастырушылық-экономикалық шараларды негіздеу. Зерттеу әдістері Жүйелік, институционалдық, салыстырмалы, статистикалық және құрылымдық талдау әдістері, SWOT және TOWS талдауы, индекстік әдіс, экономикалық-математикалық модельдеу және сценарийлік түсіндіру қолданылды. Сандық бөлім көрсеткіштерді min–max әдісімен қалыпқа келтіруге, DIGI цифрлық дамудың құрама индексін құруға, өңірлер мен жылдардың тіркелген әсерлері бар панельдік регрессияға, стандартты қателерді аумақтық бірліктер бойынша кластерлеуге және балама индекстерді, уақыттық лагты әрі іріктемені шектеуді қолдана отырып орнықтылықты тексеруге негізделді. Ақпараттық негізді Қазақстан Республикасының ресми статистикалық деректері, халықаралық ұйымдардың материалдары және авторлық есептеулердің нәтижелері құрады. Негізгі ережелері (дәлелденген ғылыми гипотезалар және жаңа білім болып табылатын басқа да тұжырымдар) 1. Цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайындағы еңбек нарығын нарықтық еңбек сұранысы мен ұсынысы тетіктері жұмыскерлерді жалдаудың цифрлық арналарымен, платформалық және қашықтан жұмыспен қамтумен, кәсіби құзыреттердің өзгеруімен және мониторинг үшін деректерді пайдаланумен өзара әрекеттесетін көпдеңгейлі институционалдық ұйымдастырылған жүйе ретінде авторлық тұрғыдан түсіндіру. 2. Ұлттық макроталдамалық және өңірлік панельдік деңгейлерді, деректерді аумақтық үйлестіруді, еңбек және цифрлық индикаторлар жүйесін, сондай-ақ DIGI цифрлық дамудың құрама индексін біріктіретін цифрлық даму мен еңбек нарығының өзара байланыстарын кешенді бағалаудың әдістемелік тәсілі. 3. Тіркелген әсерлері бар өңірлік бағалауларды, өзара байланыстардың уақыттық және аумақтық әркелкілігін тексеруді және 2030 жылға дейінгі жұмыспен қамтудың шектеулі ұлттық сценарийлік проекциясын қамтитын экономикалық-математикалық модельдер кешені. 4. «Digital Labor Market KZ» цифрлық платформасының демонстрациялық веб-прототипін, өңірлік талдамалық диагностика құралдарын және жұмыспен қамту мен адами капиталды дамыту саласындағы ұйымдастырушылық-экономикалық шаралар кешенін қамтитын еңбек нарығын дамытуға арналған практикалық бағдарланған шешімдер. Зерттеудің негізгі нәтижелерінің сипаттамасы 1. «Цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайындағы еңбек нарығы» санатының мазмұны оны жұмыспен қамтудың, еңбек күшіне сұраныс пен ұсыныстың дәстүрлі тетіктері жұмыскерлерді жалдаудың цифрлық арналарымен, платформалық және қашықтан жұмыспен қамтумен, еңбектің икемді нысандарымен, жұмыскерлердің цифрлық құзыреттерімен және деректерге негізделген мониторинг құралдарымен толықтырылатын көпдеңгейлі институционалдық ұйымдастырылған жүйе ретінде түсіндіру негізінде нақтыланды. 2. Цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында еңбек нарығының дамуын зерттеудің әдістемелік тәсілі қалыптастырылды. Ол еңбек, цифрлық және макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін, 2014–2024 жылдардағы өңірлік деректерді аумақтық үйлестіруді, DIGI цифрлық дамудың құрама индексін құруды, өңірлік панельдік бағалауды, нәтижелердің орнықтылығын тексеруді және еңбек нарығы дамуының шартты болжамдық түсіндірмесін қамтиды. 3. Қазақстан Республикасы еңбек нарығының цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайындағы дамуын айқындайтын және жұмыспен қамтуға, жұмыссыздыққа, еңбекке сұраныс құрылымына және адами капиталға қойылатын талаптарға әсер ететін макроэкономикалық, құрылымдық, институционалдық, цифрлық-инфрақұрылымдық және құзыреттік факторлардың құрамы нақтыланып, жүйелендірілді. 4. Қазақстан Республикасы цифрлық экономикасы мен еңбек нарығы параметрлерінің өзара байланыстарын зерттеуге арналған, өңірлік панельдік бағалауды, нәтижелердің орнықтылығын тексеруді және 2030 жылға дейінгі ұлттық болжамдық-сценарийлік түсіндірмені қамтитын экономикалық-математикалық модельдер кешені әзірленді. 5. Өңірлік жұмыспен қамту, цифрлық даму және кәсіби сұраныс көрсеткіштерін жүйелеуге мүмкіндік беретін «Digital Labor Market KZ» платформасы негізінде еңбек нарығын цифрлық мониторингтеу және талдамалық диагностикалау бойынша әдістемелік шешімдер ұсынылды. 6. Қазақстан Республикасының еңбек нарығын цифрлық экономика жағдайында дамытуға арналған ұйымдастырушылық-экономикалық шаралар негізделді. Алынған нәтижелердің жаңалығы мен маңыздылығының негіздемесі 1. Теориялық нәтиженің ғылыми жаңалығы «цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайындағы еңбек нарығы» санатының мазмұнын көпдеңгейлі институционалдық тәсіл негізінде нақтылаудан тұрады. Ұсынылған түсіндіру еңбек сұранысы мен ұсынысының дәстүрлі тетіктерін жұмыспен қамтудың цифрлық нысандарымен, платформалық делдалдықпен, кәсіби құзыреттердің өзгеруімен және еңбек қатынастарын талдау үшін цифрлық деректерді пайдаланумен біріктіреді. Нәтиженің теориялық маңызы экономиканың цифрлық трансформациясы жағдайында еңбек нарығының жұмыс істеуі мен даму заңдылықтары туралы ғылыми түсініктерді кеңейтуде. 2. Әдістемелік жаңалық статистикалық деректерді аумақтық үйлестіруді, DIGI цифрлық дамудың төрт құрамдасты құрама индексін, өңірлік панельдік талдауды және эконометрикалық бағалаулардың орнықтылығын тексеруді бірлесіп қолдануға негізделген Қазақстан Республикасының цифрлық дамуы мен еңбек нарығы параметрлерінің өзара байланыстарын бағалаудың кешенді тәсілін қалыптастырудан тұрады. 2014–2024 жылдар аралығындағы 16 тұрақты аумақтық бірлікті қамтитын салыстырмалы панельді (176 байқау) пайдалану өңірлік айырмашылықтарды сандық бағалауға мүмкіндік береді және талдамалық қорытындылардың негізділігін арттырады. 3. Үшінші нәтиженің ғылыми жаңалығы Қазақстанның еңбек нарығын цифрлық экономиканың қалыптасуы жағдайында дамыту факторларының құрамын нақтылау мен оларды кешенді жүйелендіруден тұрады. Макроэкономикалық, құрылымдық, институционалдық, цифрлық-инфрақұрылымдық және құзыреттік факторлар жұмыспен қамтумен, жұмыссыздықпен, жұмыс күшінің кәсіби-біліктілік құрылымымен және адами капиталды дамытумен өзара байланыстары ескеріле отырып, бірыңғай талдамалық жүйеге біріктірілді. Ұсынылған жүйелеудің маңызы өңірлік сәйкессіздіктерді анықтауға, эконометрикалық модельдеу көрсеткіштерін таңдауға және еңбек нарығын реттеудің сараланған шараларын негіздеуге арналған теориялық-талдамалық негіз қалыптастыруда. 4. Ғылыми-әдістемелік және эмпирикалық жаңалық цифрлық даму мен еңбек нарығының өңірлік өзара байланыстарын бағалауды, уақыттық лагтарды талдауды, нәтижелердің орнықтылығын тексеруді және 2030 жылға дейінгі ұлттық болжамдық-сценарийлік бағалауды біріктіретін экономикалық-математикалық модельдер кешенін әзірлеуден тұрады. Цифрлық дамудың жұмыспен қамту көрсеткіштерімен ағымдағы және лагталған статистикалық өзара байланыстары арасындағы айырмашылықтар белгіленді, нәтижелердің іріктеменің аумақтық құрылымына сезімталдығы анықталды және еңбек нарығын цифрлық трансформациялаудың өңірлік үдерістерінің әркелкілігі расталды. Алынған нәтижелер мемлекеттік саясат шараларын әзірлеу кезінде жұмыспен қамтудың бейімделуінің уақыттық және кеңістіктік ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. 5. Қолданбалы жаңалық жұмыспен қамту, жұмыссыздық, жалақы, цифрлық даму және кәсіби сұраныс көрсеткіштерін бірыңғай ақпараттық-талдамалық кеңістікте біріктіруді қамтамасыз ететін «Digital Labor Market KZ» еңбек нарығын талдау және мониторингтеу цифрлық платформасын әзірлеуден тұрады. Әзірленген платформа өңірлік диагностикаға, салыстырмалы талдауға және еңбек нарығы көрсеткіштерін визуализациялауға арналған кешенді тәсілді іске асыратын диссертациялық зерттеудің қолданбалы нәтижесі болып табылады. Нәтиженің практикалық маңызы платформаны басқарушылық шешімдерді ақпараттық-талдамалық қолдау, өңірлік сәйкессіздіктерді анықтау және жұмыспен қамту саясатының басым бағыттарын белгілеу үшін пайдалану мүмкіндігімен айқындалады. 6. Ғылыми-практикалық жаңалық мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын, цифрлық дамуды, кәсіптік білім беруді және адами капиталды қалыптастыруды үйлестіруді көздейтін Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытуға арналған ұйымдастырушылық-экономикалық шаралар кешенін негіздеуден тұрады. Ұсынылған шаралар өңірлік диагностика нәтижелерін кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың басымдықтарын айқындау, өнімді жұмыспен қамтуды қолдау, цифрлық құзыреттерді дамыту және мемлекеттің, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының институционалдық өзара іс-қимылын жетілдіру үшін пайдалануға бағытталған. Нәтиженің практикалық маңызы өңірлік еңбек нарықтарын атаулы реттеудің және олардың құрылымдық әрі технологиялық өзгерістерге бейімділігін арттырудың ғылыми негізделген базасын қалыптастыруда. Ғылымның даму бағыттарына немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкестігі Диссертацияның тақырыбы мен нәтижелері Қазақстан Республикасының цифрлық трансформация, жұмыспен қамту және адами капитал саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес келеді. Зерттеу мазмұны Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1050 қаулысы), Цифрлық трансформация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және киберқауіпсіздікті дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен (2023 жылғы 28 наурыздағы № 269), Жасанды интеллектті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен (2024 жылғы 24 шілдедегі № 592), Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен (2023 жылғы 28 наурыздағы № 248), сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 255-VIII ҚРЗ Цифрлық кодексімен үйлеседі. Зерттеудің жекелеген ғылыми нәтижелері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің AP23490443 «Цифрлық экономиканың дамуы жағдайында адами капиталды басқару, еңбек ресурстарының сапасын арттыру» (2024–2026 жылдар) гранттық қаржыландыру жобасының материалдарында көрініс тапты. Жекелеген ұсынымдар «Инфо-Кар НС» ЖШС қызметінде қолданылды, бұл диссертацияда көрсетіліп, онда келтірілген енгізу актісімен расталған. Докторанттың әрбір жарияланымды дайындауға қосқан үлесінің сипаттамасы жазылады Зерттеудің негізгі нәтижелері «Қазақстанның цифрлық трансформациясы: жай-күйі, проблемалары және перспективалары» монографиясында, Scopus базасында индекстелетін басылымдардағы төрт мақалада (оның үшеуі Web of Science Core Collection базасында индекстеледі), Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдардағы төрт мақалада және халықаралық конференциялар материалдарындағы он алты жарияланымда көрініс тапты. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу туралы үш куәлік бар. Диссертация тақырыбы бойынша 25 ғылыми жарияланымның 12-сін автор жеке өзі жариялаған. Ізденушінің жеке үлесі зерттеудің барлық кезеңдерін дербес ұйымдастыру мен жүзеге асырудан, зерттеу нәтижелері бойынша жарияланымдар дайындаудан және оларды өзге нысандарда апробациялаудан көрінеді.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
