
4 желтоқсанда ЕҰУ-да Абайдың ақындық мектебінің өкілі Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты 2026 жылы 4 желтоқсанда ақын, ағартушы, Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлының туғанына 165 жыл толуына орай «КӨКБАЙ ЖАНАТАЙҰЛЫ: ДӘУІР, ДӘСТҮР, ДАРАЛЫҚ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференцияға отандық және шетелдік әдебиеттанушы, абайтанушы, тарихшы, мәтінтанушы ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар шақырылады.
Конференцияның мақсаты: Көкбай Жанатайұлының әдеби мұрасын тарихи-мәдени және ғылыми-практикалық тұрғыдан кешенді зерделеу, ақынның Абайдың шығармашылық ортасындағы орны мен әдеби дәстүрді жалғастырудағы рөлін айқындау, қолжазба және эпикалық мұрасының көркемдік-танымдық ерекшеліктерін саралау, қазіргі көкбайтанудың өзекті мәселелері мен зерттеу перспективаларын талқылау.
Конференцияның негізгі ғылыми бағыттары:
Абайтанудың өзекті мәселелері және Көкбай Жанатайұлы әдеби мұрасының ғылыми-танымдық маңызы.
Абайдың ақындық мектебі: шығармашылық ықпалдастық және әдеби дәстүр.
Көкбай Жанатайұлының қолжазба мұрасы: деректану, мәтінтану және ғылыми жариялау мәселелері.
Көкбай Жанатайұлының эпикалық туындыларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны мен ролі.
Көкбай Жанатайұлының көркемдік поэтикасы: жанр, стиль және авторлық даралық.
Көкбай Жанатайұлы және тарих дәуір: қоғамдық ой және рухани-ағартушылық қызмет.
Қазіргі көкбайтанудың өзекті мәселелері: әдеби мұраны жаңаша пайымдау және зерттеу перспективалары.
Конференцияға қатысу тәртібі
Конференция жинағына мақалалар 2026 жылдың 3 желтоқсанына дейін қабылданады.
Конференцияға өзге елдімекендерден келіп қатысушылардың жол қаражаты жіберуші ұйымның есебінен төленеді. Қатысушылар баяндамамен бірге төмендегі үлгі бойынша өтінім жіберуі керек:
Қатысушының толық аты-жөні;
Қызметі, ғылыми атақ-дәрежесі;
Жұмыс орнының толық атауы;
Электронды (e-mail) мекенжайы;
Телефон нөмірі;
Баяндаманың атауы.
Конференцияға қатысу форматы (1.онлайн; 2.офлайн; 3.тек жинақта мақала жариялау).
Баяндамаларды рәсімдеуге арналған талаптар: баяндама мәтіні стандартты А4 форматында 7 беттен аспауы тиіс (суреттер және кестелерді қоса есептегенде); Microsoftword мәтіндік редакторында 14-ші кегльдегі TimesNewRoman қарпімен теріледі, интервалы – 1, өрісі: барлық жағынан 2 см., азат жол: 1,0 см.; дереккөздерге сілтеме төртбұрыш жақшаларда [1, 24 б.] беріледі, сілтемелерді нөмірлеу мәтін бойында үздіксіз болуы тиіс; толық библиографиялық тізім мәтіннің соңында бір интервал арқылы беріледі.
Мәтін түзетілмейді және түпнұсқа болып табылады. Конференция материалдарының электронды жинағы тікелей көшіру әдісімен алынады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген барлық талаптарға сәйкес болуын мұқият өңделген түрде материалдарды ұсыну қажеттілігіне назар аударамыз.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
Конференцияның өтетін орны мен уақыты:
Күні: 2026 жылғы 4 желтоқсан.
Басталуы: сағат 11:00.
Өтетін орны: Астана қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, №206 Ғылыми кеңес залы.
Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты
Жауапты тұлға:
E-mail: nur_magazbekov@mail.ru
Тел.: +7 775 989 0212
