
Кореяның Қазақстандағы елшілігі мен Кванджу университетінің өкілдері Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласына барды.

2023 жылдың 11 қазан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Шығыстану кафедрасына Қазақстандағы Корей елшілігінен және Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласындағы Кванджу университетінің өкілдері іс-сапармен келіп қайтты. Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы елшілігінен Ким Кап Ён (вице-президенті), Чунг Чон Хван (Халықаралық қатынастар директоры), Бэ Ин Су (халықаралық кеңсе қызметкері), Конг Ха Рим (Халықаралық ынтымақтастық басқармасының Халықаралық білім беру орталығының директоры) университет қабырғасында Оңтүстік Кореядан арнайы шақыртылған профессор Сон Сонгдоның жетекшілігімен білім алып жатқан 2-курс студенттерінің сабағына қатысып, ерекше әсер алып қайтты. Кванджу университетінің проректоры мен профессорларын біздің корейтанушылардың білімге деген құштарлығы таң қалдырды. Шығыстану кафедрасының меңгерушісі Биримкулова Г.У., Шығыстану кафедрасының профессорлары Абжаппарова Б.Ж. мен Азмуханова А.М., сонымен қатар, Халықаралық бөлім өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыста академиялық ұтқырлық, профессорлар шақыру бойынша ақпараттармен және ұсыныстармен алмасты. Болашақта Кванджу университетімен серіктестік сәтті болады деген үміттеміз.
