
«Тіл. Мәдениет. Аударма: цифрлық дәуірдегі мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Тіл. Мәдениет. Аударма: цифрлық дәуірдегі мәдениетаралық қарым-қатынас» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Конференцияның негізгі мақсаты:
- Аударма, тіл және мәдениет салалары ұштастығындағы зерттеулердің дамуына, олардың өзара байланысына және мәдениетаралық қарым-қатынасқа ықпал ету;
- Аударма саласындағы озық әдістер мен тәжірибелермен алмасу, сондай-ақ цифрлық дәуірдегі инновациялық технологияларды таныстыру үшін платформа ұсыну:
- Әртүрлі елдердің зерттеушілері, оқытушылары мен тәжрибелі аудармашылар арасында байланыс орнату арқылы халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықты нығайту;
- Білім алушылар мен жас мамандарды аударма, тіл және мәдениет салалары ұштастығындағы ғылыми жұмыстарға белсенді қатысуға ынталандыру;
- Қазіргі цифрлық әлемде мәдениетаралық қарым-қатынасқа байланысты қиындықтардың алдын-алу үшін ұсыныстар мен практикалық шешімдер әзірлеу.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
- Аударманы оқытудағы инновациялық технологиялар;
- Мультимедиялық аударма;
- Локализация және аударма;
- Аударма және мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдері.
Конференцияның өтетін күні: 24 сәуір 2024 жыл
Конференцияның форматы: онлайн+офлайн (конференцияға тіркелген қатысушыларға ақпарат қосымша жіберіледі).
Ұйымдастырушы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің филология факультеті, аударма теориясы мен практикасы кафедрасы.
Мақаланы, төлем түбіртегін және өтінімді akshulakovab@gmail.com электронды поштасына 2024 жылдың 15 сәуіріне дейін жіберу қажет.
Конференцияға қатысу және мақаланы электронды жинаққа орналастыру жарнасы – 3700 теңге (бір мақала үшін). Шетелдік авторлар үшін қатысу және мақала жариялау тегін.
Төлем жасау үшін келесі https://enu.kz/kz/page/university/about-us/bank-details-and-contacts сілтемесіндегі нұсқауларды орындаңыз, түбіртектің көшірмесін өтінімге қоса жіберіңіз.
Конференция қорытындысы бойынша ISBN тағайындаумен электронды жинақ шығару жоспарланған. Конференцияға ұсынылған материалдардың мазмұнына авторлар жауапты.
Ұйымдастыру комитеті материалдарды жариялау үшін іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
- Баяндаманың тіркеу нысаны мен мәтіні (аннотация мен әдебиетті есепке алмағанда, мақаланың көлемі 5 бетке дейін) міндетті түрде MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс. Баяндамасы бар файл автордың тегі бойынша аталуы қажет.
- Бет форматы – А4, қаріп - Times New Roman, кегль - 14, жиектері барлық жағынан -2 см, жоларалық интервал – бір, шегініс – 1,25. Туралау – беттің ені бойынша.
- Мақала мәтіні қатесіз, тексеріліп жіберілуі керек. Авторлық редакцияда басылады. Бір автор екіден көп емес мақаланы (соның ішінде бірлескен авторлықта) жариялай алады.
- Беттің жоғарғы сол жақ бұрышында қою қаріппен ҒТАХР көрсетіледі (http://grnti.ru/). Мақаланың оң жақ бұрышында бір интервалдан кейін кіші қою қаріппен автордың (авторлардың) аты-жөні мен тегі жазылады, төменде курсивпен - жұмыс (оқу) орны, қала, ел, төменде – тек корреспондент автордың электрондық поштасы жазылады (бірнеше автор болған жағдайда корреспондент автор * белгісімен көрсетіледі). Екі интервалдан кейін мақаланың атауы бас әріппен, қою қаріппен, ортасында, нүктесіз жазылады.
- Бір интервалдан кейін мақала мәтіні орналастырылады. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қабылданады.
- Әдебиеттер мен деректер тізімі баяндаманың соңында және мәтінде кездесу реті бойынша беріледі. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер ГОСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері" сәйкесінше рәсімделеді.
- Материалдың https://antiplagiat.ru/ парақшасында плагиатқа тексерілгені жөнінде толық электрондық есебі ұсынылуы қажет. Түпнұсқалықтың шекті пайызы 70% құрайды.
МАҚАЛАНЫ РЕСІМДЕУ ШАРТТАРЫ
|
ҒТАХР *А.Б.Арманов1, Б.И.Бектасов2 1Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана, Қазақстан 2Торайғыров Университеті, Павлодар, Қазақстан Аударма қолжазбасының заманауи көрінісі Түйіндеме: (100 сөзден кем емес және 250 сөзден артық емес) Мақалада … қарастырылды. Кілт сөздер: (4 сөзден кем емес және 7 сөзден артық емес) сөз, сөз тіркесі Кіріспе МӘТІН Зерттеу материалдары мен әдістері МӘТІН Талқылаулар/бақылаулар МӘТІН Нәтижелер МӘТІН Қорытынды МӘТІН Қолданылған әдебиеттер References Түйіндеме мен кілтті сөздердің орыс\қазақ және ағылшын тілдеріне аудармасы * А.Б.Арманов1, Б.И.Бектасов2 1ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан 2Торайгыров Университет, Павлодар, Казахстан Современный взгляд переводческой скорописи Аннотация: (не менее 100 слов и не более 250 слов) В статье рассматривается… Ключевые слова: (не менее 4 слов и не более 7 слов) слово, словосочетание... Авторлар жайлы мәліметтер (қазақ / орыс, ағылшын тілдерінде) Арманов А.Б. – ф.ғ.к., профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Астана, Қазақстан. Бектасов Б.И. – «8D02307 – Аударма ісі» білім беру бағдарламасының PhD кандидаты, Торайғыров Университеті, Павлодар, Қазақстан. |
