
Басқарма мүшесі-цифрландыру жөніндегі проректор-Цифрлық офицердің бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланады
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Қаныш Сәтпаев көшесі, 2 үй мекенжайында орналасқан «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі - цифрландыру жөніндегі проректор - Цифрлық офицер бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.
Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға және әзірлемелерді коммерцияландыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі:
1) ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық білім;
2) ғылыми дәрежесінің болуы (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі) құпталады;
3) білім менеджменті, цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздік, жобалық басқару салаларында біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы қолданыстағы кәсіби сертификаттарының (куәліктерінің) болуы құпталады;
4) МВА деңгейінде менеджмент саласындағы қосымша білімінің болуы құпталады.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) біртіндеп күрделене түсетін позицияларда лауазымның функционалдық бағыттары бойынша жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес, соның ішінде білім және ғылым ұйымдарында басқарушы лауазымдарда 7 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болғаны құпталады;
2) басқарушы лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған жағдайда аталған лауазымның функциялық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес;
3) басқарушы лауазымдарда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда, Президенттік жастар кадрлық резервіне енген тұлғалар үшін жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Қосымша талаптар, болған жағдайда (бар болса):
1) Соңғы 5 (бес) жыл ішінде халықаралық рецензияланатын журналдарда және ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілген отандық журналдарда монографиялар мен ғылыми жарияланымдардың болуы.
2) Цифрлық трансформация, ақпараттық технологиялар немесе байланысқан салалар бойынша жобаларды іске асыру тәжірибесі құпталады;
3) Жетекші шетелдік университеттермен, білім саласындағы ұйымдармен және қаржы институттарымен жолға қойылған жақсы байланыстардың болуы.
Негізгі функционалдық міндеттері:
1) Университеттің IT, техникалық, ақпараттық қауіпсіздігі саласында басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) Қоғамның цифрландыру саласындағы саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оны іске асыруды ұйымдастырады;
3) Қоғамда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдайды;
4) Қоғам саясатының жалпы басымдықтарына және оның даму перспективаларына сәйкес цифрландыру, инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі стратегияны әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
5) Қоғам брендінің өкілі (brand ambassador) ретінде әрекет ете отырып, Қоғамның миссиясы мен құндылықтарын іске асыра және дамыта отырып, мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда Қоғамның атынан өкілдік етеді;
6) Таланттарды тарту және ұстап қалу үшін қолайлы жағдай қалыптастырады;
7) Қоғамды цифрлық трансформациялау, жаңа цифрлық технологияларды әзірлеу және енгізу жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді, бизнес-процестерге деректер талдауын енгізеді, SMART-инфрақұрылымды дамытады және ұдайы жетілдіреді.
Білімі мен құзыреттері:
1) Лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
2) Мемлекеттік және орыс тілдерін міндетті түрде білу, шетел тілдерін білу құпталады;
3) Білім саласындағы менеджменттің негізгі принциптерін білу;
4) Жобаларды басқару, корпоративтік басқару саласын білу;
5) Келіссөздер және тиімді коммуникациялар жүргізу дағдылары.
6) Заманауи цифрлық технологиялар саласындағы техникалық білім және оларды қолдану, мысалы, деректерді өңдеу, заттар интернеті және т. б. құпталады;
7) Күрделі техникалық тұжырымдарды қарапайым тілмен түсіндіре білу;
8) Цифрландырудың этикалық аспектілерін түсіну және озық тәжірибелерді енгізу құпталады;
9) Цифрлық трансформация стратегияларын енгізу тәжірибесі, жоспарлауды, бюджетті және мерзімдерді бақылауды және тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, цифрлық жобаларды тиімді басқарудың қолданбалы дағдылары құпталады.
Қасиеттері:
- Қоғам миссиясы мен құндылықтарына берік әрі тұлғалық адалдығын көрсету;
- Келесі қасиеттерінің болуы: бастамашылдық, адалдық, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару және командада жұмыс істей білу;
- Аналитикалық қабілеттері, деректерді өңдеу процесін тереңдете білу және шешім қабылдау кезінде оларды пайдалана білу, детальдарды байқау құпталады.
Төмендегі адамдар Конкурсқа қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнаулы мекемелерде есепте тұрған адамдар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Белгіленген нысанда көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
5) еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі немесе электронды көшірмесі;
6) № 075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) азаматтарға арналған электронды үкімет порталынан сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама (ХҚО, Egov.kz порталы және т.б.);
10) азаматтарға арналған электронды үкімет порталынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны жөнінде мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (ХҚО, Egov.kz порталы және т.б.);
11) Қоғамда бос лауазымдарды атқару конкурсына қатысу үшін жеке бас мәліметтерін жинауға және өңдеуге келісім.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 6 наурыздан бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Қаныш Сәтпаев көшесі, 2, 103 кабинет мекенжайы бойынша Корпоративтік хатшы қызметіне тапсыру қажет. Тел.: +77084252623 (Орынбаев Мадияр).
