
11 сәуір айында «Дәстүрлі қазақ өнері мен қазіргі өнертану саласын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы Сізді 2024 жылғы 11 сәуір айында өтетін «Дәстүрлі қазақ өнері мен қазіргі өнертану саласын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс жасайды:
- Дәстүрлі қазақ өнері мен қазіргі өнертану саласын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
- Дәстүрлі қолөнердің көркемдік білім берудегі өзекті мәселелері
- Жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі инновациялар
- Экодизайн технологиялары арқылы сәндік қолданбалы өнердің қалыптасуы
- Дизайн және жеңіл өнеркәсіп теориясы мен әдістемесі
- Дизайндағы заманауи мәселелер, жетістіктер және перспективалар
- Қазақ халқының қолөнерінің оқытудағы инновациялық жолдары мен әдіс – тәсілдері
- Қолөнер және мәдениет
Конференцияның тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндамаларды халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция бағдарламасы мен жинағына енгізу үшін 2024 жылғы 1 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына төмендегі тіркеу формасына салып, бірге жолдау керек.
Материалдарды ұсынудың соңғы мерзімі - 2024 жылдың 1 сәуір.
Конференцияға қатысу және мақаланы электронды жинақта жариялау тегін.
Жинаққа ұсынылған мақалалар келесі талаптарға сай рәсімделуі қажет:
- Тіркеу формасы мен баяндама мәтіні (конференция тақырыбына сай және 7 беттен артық емес көлемде) міндетті түрде MS Word текст редакторында теріліп, баяндамасы бар файл автордың фамилиясымен аталуы қажет.
- Бет форматы: А4, шрифт: Times New Roman, кегль – 12, жоғары және төменгі шегі - 2 см, оң шегі – 1 см, сол шегі – 3 см, жоларалық интервал – бір, азат жол шегінісі: 1,25.
- Баяндама атауы басында жазылады: БАС ӘРІППЕН (ҚАЛЫҢ ШРИФТПЕН) жолдың ортасында, баяндаманың жоғары жағында.
- Баяндама атауының астынғы ортасына (қалың шрифтпен) автордың аты-жөні, тегі, кіші әріппен ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) жазылады.
- Келесі жолда автордың жұмыс орны, лауазымы көрсетіледі.
- Бір интервалдан соң баяндаманың мәтіні орналасады.
- Әдебиеттер мен деректер тізімі баяндаманың соңында орналасады және мәтінде кездесу реті бойынша құрастырылады. Сілтемелер тік жақшада нөмер түрінде тізім бойынша деректің бетін көрсетіп рәсімделеді [ 2].
МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАЗУ ҮЛГІСІ
ӘОЖ
Автор(лар)дың аты, тегі, ғылыми дәрежесі, ғылым атағы
Ұйымның толық аталуы, Республикасы E-mail
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ (БАС ӘРІПТЕРМЕН ЖАЗЫЛАДЫ) (Мақаланың мәтіні)
Андатпа: Кілт сөз: Кіріспе........
Зерттеу объектілері мен әдістері...... Зерттеу нәтижелері .........
Кесте 1Кестенің аты ..........
Сурет – 1 Сурет атаулары
Әдебиеттер:
- 1. Евремов С. Михаил Коцюбинский / / Ефремов С. Избранное: Ст. науч. разведки. Монографии - К.: Наук. мысль, 2002. – 760 с.
Назар аударыңыз! Талапқа сай орындалмаған, ағылшын тіліне автоматты аудармасы бар мақалалар қабылданбайды. Мақала мазмұнына автор жауапты.
Өткізу орны, уақыты және форматы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13. Сәулет-құрылыс факультеті, дизайн және инженерлік графика кафедрасы.
Басталуы: сағат 10.00, офлайн/онлайн.
Конференция қатысушыларын тіркеу уақыты: 09:30-09:50.
Конференция қатысу тегін.
Байланыс мәліметтері: Усенова А. 87774713900 E-mail:: usenova31a@gmail.com;
Лунев И.И. 87754486270 E-mail: ilyalunev.kz@gmail.com
«Дәстүрлі қазақ өнері мен қазіргі өнертану саласын оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясына тіркеу формасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылады.
|
1 |
Тегі, аты, жөні |
|
|
2 |
Жұмыс орны, лауазымы (ұйымның атауы, адресі) |
|
|
3 |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
|
4 |
Автордың адресі (индексті қоса) |
|
|
5 |
|
|
|
6 |
Телефон (кодпен бірге) |
|
|
7 |
Баяндама атауы |
|
|
8 |
Секция атауы |
|
|
9 |
Қатысу форматы |
|
