
Шығармашылық емтихандарға құжаттарды қабылдау

Шығармашылық емтихандарға құжаттарды тапсыру қабылдау комиссиясы арқылы келесі мерзімдерде жүргізіледі:
2024 жылғы 20 маусымнан 07 шілдеге дейін (грант)
2024 жылғы 20 маусымнан 10 тамызға дейін (ақылы)
Шығармашылық емтиханға тіркелу және өтініш жіберу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.
Шығармашылық емтихандарға Онлайн тіркелу «Platonus» ААЖ арқылы жүзеге асырылады: https://edu.enu.kz/registration.html
Шығармашылық емтиханға арналған құжаттар тізімі:
1) университет басшысының атына өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа) (шетел азаматтары үшін-білім туралы құжаттың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (талапкердің/заңды өкілдерінің);
4) туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған талапкерлер үшін)
5) 3 x 4 көлемдегі цифрлық фото;
6) ҰБТ сертификаты;
7) басым құқықты/квотаны/жеңілдікті растайтын құжаттар;
8) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды ұсынады.
9) 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (төлнұсқа);
10) флюорография (көшірмесі);
11) егу паспортының 063-нысаны (көшірмесі);
12) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады;
13) жасөспірімдерге арналған тіркеу куәлігі (көшірмесі);
14) 1 дана скоросшиватель;
15) 3 дана файл.
16) электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)
Ескерту:
- 3,4,9,11,12,13 тармақшаларда санамаланған құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады.
- Өтініш берген кезде талапкер 18 жасқа толмаған болса, онда өтінішті оның заңды өкілдері береді.
- Тіркеу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері (pdf) қажет.
