
Талапкерлер білім гранттар тағайындау конкурсына құжаттар тапсыру үшін кезекті QR арқылы онлайн брондай алады
12.07.2024 1855

Құрметті талапкерлер, сіздер үшін Еуразия ұлттық университетінде жақсы жаңалық. Енді грант конкурсына құжаттар тапсыру үшін кезекті онлайн брондай аласыздар. Брондау үшін QR codе-ты сканерлеп, өзіңіз туралы ақпаратты толтырыңыз және өзіңізге қалаған күн мен уақытқа бронь жасаңыз.
Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі.

Еуразия ұлттық университетінің электронды кезекті брондау QR коды
Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі:
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
- жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
*Ескерту: Брондау кезінде талапкер аты-жөнін толық жеке куәлік бойынша жазуы қажет.
Бөлісу:
